Кездесуге қатысушылар мүмкіндікті пайдаланып, маңызды мәселелерге қатысты ойларын жеткізді. Айталық, күрежол бойына бейнекамера орнату қажеттігі туындап отырғанын, сол арқылы жол-көлік апаттарын азайтып, алдын алуға жол ашылатынын айтты. Тұрғындарға жауап берген үміткер: «Талдықорған қаласы мен 11 ауданда 800-ге жуық бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар бес жыл ішінде жыл сайын 30 патрульдік автокөлік сатып алу көзделген. Қоғамдық көмекшілер саны 5 мыңға дейін өседі. Сондай-ақ 39 учаскелік полиция бекетінің құрылысы аяқталады», – деді.
Кездесу соңында Әбдіжаппар Қыстаубаев Балқаш өңірінің тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі. Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.