Фин дәрігері Ислам Каримов өмірінің соңғы сәті туралы баяндады

/
Фин дәрігері Ислам Каримов өмірінің соңғы сәті туралы баяндады
ашық дереккөзі
Фин дәрігері Ислам Каримов өмірінің соңғы сәті туралы баяндады

 Инсульт алған Өзбекстан президентінің денсаулығына араша түсу үшін Финляндиядан арнайы шақыртылған атақты фин нейрофигургі, әлемдегі бас-ми артериясы аневризмінің маманы Юха Хернесниеми Ислам Каримов өмірінің соңғы сәті туралы айтып берді.

YLE басылымының хабарлауынша, Хернесниемиге өткен сенбі күні Қазақстандағы бұрынғы шәкірті жедел шаруамен хабарласқан. "Мен басқа елдерде көп ота жасадым. Және бұл өтінішті орындау маған еш қиындық туғызбады. Маған Хельсинкиге жеке ұшақ келді, содан біз Өзбекстанға Германия арқылы ұшып бардық", – деді фин дәрігері. Одан бөлек, Ислам Каримовқа ота жасау үшін Ресей мен Германиядан да дәрігерлер шақыртылғанын айта кетейік.

Хернесниеми Өзбекстанға келгенде президенттің жағдайы қандай болғанын айтты: "Мен келгенде ота жасаудың қажеті де болмады. Емді әрі қарай жалғастыру керек деп санамадым. Науқас өлі күйде болды. Мамандар өздерінің медициналық қорытындаларын жасады", – дейді ол.

Сондай-ақ, басылымдағылардың мәліметінше, дәрігер бұл жағдайда көшбасшының өлімі жайлы біраз уақыт жарияламайтынын айтқысы келген. Осыған ұқсас жағдай Израильдің бұрынғы премьер-министрімен де болған. Ариэль Шарон пен испаниялық диктатор Франсиско Франко да ұзақ уақыт комада жатқан болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары