"Шоколад жеп, тарихты дұрыс оқыңыздар!": Қазақстандық жастар ресейлік депутаттарға сәлемдеме жіберді

ашық дереккөзі
445
Қазақстан Халық партиясы Жастар қанатының мүшелері Ресей Мемлекеттік Думасына қазақстандық шоколад салынған сәлемдеме жіберді. Қазақстандық тәттілер депутаттар Никонов, Жириновский және Федоровке пошта арқылы жеткізіледі. Осылайша, ҚХП мүшелері Ресей депутаттарының Қазақстан жерінің аумақтық тұтастығына қатысты шабуылдарына жауап берді.  width=
– Құрметті депутаттар – Вячеслав Никонов, Евгений Федоров және Владимир Жириновский! Жақында Сіздер Қазақстан аумағының тұтастығына қатысты мәлімдеме жасадыңыздар. Отандастарымыздың жауаптары көп күттірген жоқ. ҚР СІМ өз ұстанымын жеткізді. Біз сіздерге бүкіл әлем жақсы көретін қазақстандық шоколадты жіберіп отырмыз. Оның қаптамасында қазіргі тәуелсіз Қазақстанның картасы бейнеленген. Денсаулыққа пайдалы өнімде жеп, тарих пен географияны дұрыс оқыңыздар, – деді Халық партиясы Жастар қанатының мүшелері Мемлекеттік Дума депутаттарына.

Серіктес жаңалықтары