773
Ақтөбеде Г.Жұбанова атындағы филармония ғимараты қайта жөндеуден өтеді
Ақтөбеде Г.Жұбанова атындағы филармония ғимараты қайта жөндеуден өтеді
Облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ұжымымен кездесті. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, өзекті сұрақтарына жауап берді.
Онлайн кездесуге қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талғат Дұржанов пен Гүлжан Сағындықова қатысты. Олар тетар әртістерімен онлайн кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның жеті бағытын атап, мәдениет саласындағы өзгерістерді түсіндірді. Бес жылдық бағдарламаның жаңа басымдықтарын айтып өтті.
– «Тарихы мен мәдениеті бай қала» деп аталатын қалалық сайлауалды бағдарламаның бесінші басымдылығы бар. Осы бағытта мәдениет саласына аса назар аударылып, көптеген шаралар өтетін болды. Тек мәдениет саласын айтып, өзге де бағыттарға тоқталмай өтпеймін. Дегенмен тетар ұжымымен онлайн форматта кездесуде сіздерге бағдарламаның мәдени саласы туралы ерекше айқындап өткім келеді. Барлығыңыз білетіндей мәдениет біздің бар байлығымз. Өнер адамдары арқылы өсеміз. Елімізді, жерімізді сол жандар әлемге танытып жатса қуанамыз. Nur Otan партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайды. Ақтөбе қаласында «Достық үйі» біріктіретін, 90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып жүр. Бес жыл ішінде отызға шуық мерейтойлар өтеді. Мерейтойлық күндерге іс-шаралар өткізу жолымен көрнекті қазақстандықтардың мұрасын танымал ету басты мақсатымыз, – деді Талғат Дұржанов.
Ал Гүлжан Сағындықова бес жыл ішінде қайта салынатын және жаңартудан өтетін мәдени ғимараттарды айтып өтті. Сонымен қатар театр әртістерін әрқашан тек биіктен көрінулерін тіледі.
– Театр десек, жанға жайлылық пен мәдениетті адам елестейді. Бүгініміз және ертеңіміз үшін де мәдениетіміздің шарықтап тұрғаны біз үшін бір құндылық болар еді. Әріптесім айтып өткендей, біз өзге елдерді мәдениетіміз арқылы мойындата аламыз. Елімізде өнерлі жандар көп. Сол өнерлі жандар үшін жұмыс жасаумыз керек. Бағдарлама аясында Nur Otan партиясы жыл сайын 600 мың адамды қамтитын 50 мәдени ойын-сауық іс-шараларын өткізуге қолдау көрсететін болады. Нәтижесінде 2021-2022 жылдарда Г.Жұбанова атындағы филармония ғимаратын қайта жөндеуден өтеді. Жаңақоныста орналасқан мәдениет үйі жаңаратын болады. 2022 жылда Пригородный тұрғындары сұрап жүрген мәдениет үйінің ғимараты да жаңартылады. 2024-2025 жылдарда Ясное, Кызылжар және Өрлеу тұрғын массивтерінің кітапханасы бар мәдениет үйлерінің құрылысы жүреді. Бес жыл ішінде 118 орындық кітапхана жүйесі жанында 6 коворкинг орталықтарын ашуға партия септігін тигізетін болады. Бұдан бөлек ақындар айтысын, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу арқылы қазақстандық патриотизмді нығайтатын болады, – деді ол.
Кездесуде сөз сөйлеген облыстық мәслихат депутаттыған үміткер Айгүл Дүйсенова, Бахыт Молдагереева, Алмагүл Бекенова Nur Otan партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Тетар ұжымын алдағы сайлауға шақырды.
Nur Otan партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.