Тереза Мэй: Британия ЕО-дан биыл шықпайды

Тереза Мэй: Британия ЕО-дан биыл шықпайды

Тереза Мэй: Британия ЕО-дан биыл шықпайды
ашық дереккөзі
233
Ұлыбритания биыл Еуропалық одақтан шығу туралы келіссөздерді бастамайды. Осылай деп Ұлыбритания үкімет басшысы Тереза Мэй Еуропа құрамынан шығу жөнінде министрлермен болған алғашқы кездесуде айтты.

Мэй Еуроодақтан шығу туралы жаңа референдум өткізбейтінін мәлімдеп, «Ұлыбритания қара есік арқылы ЕО-ға оралмайды» деді. Оның сөздерінше, британдықтар әлемдік саясатта Лондонның жаңа рөлі арқылы жетістіктерге жетуге тырысады.

Үстіміздегі жылдың маусым айында Ұлыбританияда өткен референдумда халқының 52 пайызы Еуропалық одақтан шығуды жақтап дауыс берді. Осыдан кейін Брюссель Лондонды одақтан шығу процесін барынша тездетуге шақырды. Үдерісті тездету үшін Мэй Brexit-ті британ парламентінің келісімінсіз бастайды.

Серіктес жаңалықтары