371
Алдағы 10 жылда қажетсіз болып қалатын мамандықтар аталды
Алдағы 10 жылда қажетсіз болып қалатын мамандықтар аталды
SuperJob жұмыс іздеу қызметінің президенті Алексей Захаров алдағы 10 жылда қажетсіз болып қалу қаупі бар мамандықтарды атады. Сарапшы есепшілер, жүк көлігі жүргізушілері мен такси жүргізушілерінің қызметіне сұраныс азаятынын айтты, деп жазады "Известия"газеті.
Маманның айтуынша, есепшілер қызметіне сұраныс цифрландырудың өсуі мен электронды құжат айналымына жаппай көшу аясында төмендеуде, ал жүргізушілерді болашақта дрондар ығыстыруы мүмкін. "Конвейерден шығатын барлық жаңа жүк көліктерінде қазірдің өзінде жүргізушісіз пайдалану үшін қайта жабдықтау мүмкіндігі қарастырылуда немесе мұндай мүмкіндікті барлық өндірушілер жақын арада іске асыратын болады", — деп атап өтті сарапшы.
Захаровтың айтуынша, алдағы жылдары шет тілдерінің оқытушылары нарықта сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұған технологияның дамуы себеп. Маман тілдерді үйрену қазірдің өзінде көптеген адамдар үшін хоббиға айналғанын, сонымен бірге аударма үшін электрондық қызметтердің тиімділігі артып келе жатқанын айтты.