Талғат Теменов. Жошы ханның жиендері

Талғат Теменов. Жошы ханның жиендері

Талғат Теменов. Жошы ханның жиендері
ашық дереккөзі
258

Гумилевтар

Бұл Москваның әдемі кезі болатын. Әсіресе Олимпиададан соң Москва басқаша гүлденген, нұрланған... Өйткені біз оқуға түстік. Қыркүйек айы басталып оқуға кірісіп кеткенбіз. Сабағымыз ерте басталады. Лекциямыз 9.30-да. Сондықтан жатақханадан ерте шығамыз. Біздің жатақханамыз ВДНХ-дағы Б.Галушкин көшесінде, ал сабақ өтетін корпусымыз Белорусь вокзалының жанында. Әйгілі кино үйі, Тишинский базар, ар жағымызда зоопарк бар. Малая Грузинская көшесінде біздің сценаристер мен режиссерлер оқитын Жоғарғы курс. Талайдың кумирі болған Владимир Высоцкийдің тұрған үйі де бізден алыс емес. Курстастарымыз да шетінен мықты жігіттер. А.Тарковскидің «Сталкер» фильмінде басты рөлді сомдаған «Оскарға» ұсынылған, Александр Кайдановский, болмаса «Самоцветы» тобының жетекшісі Стас Намин, «Рижская» киностудиясының бұрынғы бас редакторы Лео Раге. Академик Ефим Зельдович пен әйгілі жазушы Алла Гербердің баласы Александр Зельдович... тағысын тағылар. 30 шақты қыз-жігіттердің ішінде мен де бармын. Бұрын аты-жөнін газет-журналдан, болмаса тек телевизордан ғана көретін режиссерлардың біразы осында дәріс береді екен. Ең бірінші танығаным «Кинопанорама» хабарын жүргізетін Эльдар Рязанов. Одан соң «Табор уходит в небо» мен «Мой ласковый и нежный зверь» фильмін түсірген  Эмиль Лотяну, Глеб Панфилов, Никита Михалков, Владимир Грамматиков және менің мастерім Сергей Соловьев та осы жерде екен. Бұл біз үшін өте қуаныш және зор мәртебе, сол замаңдағы үлкен зиялы қауымның өкілдері осы жерде лекция оқыды, дәріс берді. Әсіресе аса талантты философ, көзі тірісінде аты аңызға айтылған Мираб Мамардашвили, тарихшы жазушы Натан Эйдельман, мәдениет танушы аса көрнекті ғалым Паола Волкова, алғашқы совет режиссерларының бірі Леонид Трауберг, Ленин туралы сценарийлердың авторы Сергей Юткевич тағысын тағылар лекция оқыды. Мен осының бәрін көп уақыт өткен соң жазып отырмын. Сөйтсем мен ол кезде көп нәрсенің қадірін білмеген екенмін. Бір күні таңертеңгі лекциямызды 10-ға шегеріпті.  Не лекция? Кім оқиды, ол да жұмбақ. Бірақ енді ғана оқуға келген қыз-жігіт ол кезде сабақтан қалуды білмейміз. Метродан жаяулап келсек оқу корпусының алды ығы-жығы. Машина қоюға орын жоқ, әдеттегіден көптеу сияқты. Ішке кірсек құжынаған ел-жұрт. Көбісі біз танымайтын адамдар. Егде тартқан ақ шашты ерлер мен «Бальзактің жасындағы ханымдар». Біздің бірінші қабатта кино көрсететін залымыз адамға лық толы. Танымайтын басқа біреудің үйіне кіргендей имене басып ішке кірдік. Тура қарсы алдымда таныс кісі тұр... «Ойбай, мынау актердың аты кім еді? Әлгі, Альберт Филозов емес пе?» Іште бос орын жоқ сияқты... Басқа біреудің лекциясы ма дейін десем, біздің курстағы қыз-жігіттер отыр. Осы кезде залдың түкпірінде ағаш  қабырғаға сүйеніп тұрған Андрей Мироновты көргенде есім шығып кетті... «Мәссаған... мынау әйгілі Мироновтың өзі ғой...». Біздің осы залда әркімнің өз орны бар. Бұл жазылмаған заң сияқты. Менің орным бос тұр екен. Қосымша қойылған орындықтардың арасынан әзер өтіп енді орныма отырайын десем, Андрей Миронов түрегеліп тұр екен. Ұялып кеттім... Осындай-үлкен талантты әртістің түрегеліп тұрғанына, ал ана Түркіменстаннан келген Аман Джумаевтың былшиып отырғанына жыным келді. - Здравствуйте, садитесь на мое место - деп өз орнымды қолыммен көрсеттім. Осы кезде ту сыртымнан директордын орынбасары Вера Игоревна Суменова: «Талгат, Вы сами садитесь... лекция прежде всего для Вас... А гости постоят» деді. Миронов та менің ниетіме риза болып маған қарай жымиып.. «Спасибо, Вы сами садитесь» -деді... Жүрегім қуаныштан дүрсілдеп «Әттен, осы көріністі Мұса досым көрсе» деп риза болған қалпымда өз орныма қонжия кеттім. Көп ұзамай ішке Никита Михалков, директорымыз Ирина Кокорева және біз танымайтын үш төрт адам лекция оқитын төрге шықты. Директорымыз қасындағы қонақ кісімен таныстырды. – Қайырлы таң, достар! Бүгін бізде әйгілі ғалым, этнограф-тарихшы, ақын, аңыз адам Лев Николаевич Гумилев дегенде - зал дүр етіп қол шапалақтап тұрып алды. Бізге Лев Николаевичті көндіру сіздерге келіп лекция оқыту оңайға түскен жоқ... - Сізге мың рахмет, Лев Николаевич. Түнімен Ленинградтан келсеңіз де, шаршамай бізге жеткеніңізге мың алғыс..! Мен ешқашан мұндай фамилияны естіген жоқпын. Алғашында мен танымайтын сценарист, болмаса режиссер деп ойлап қалғанмын. Сөйтсем ғалым екен ғой. Қонағымыз орта бойлы, толықтау келген, сұйық шашын бір жағына қайырған. Сол бетінде езуден сәл жоғары қалы бар екен және бір аяғын сәл сылтып басатындай көрінді. Сөзін сәлеммен бастағанда тілінде «Р»-ды айта алмайтын мүкісі бар және сәл тұтығып сөйлейтін кісі екен... Ол кісі лекциясын бастап кетті. Тарихтан - адам баласының сонау көне дүниеден бергі жаратылысы және олардың этносқа бөлінуінің сыры жайлы айта бастады. Өмірі мен естімеген жаналық. Мен білмеген құпия, беймәлім дүниелер. Ол кісі сөйлеп тұр. Кішкентай залымызда ине шаншыр жер жоқ. Бәрі сілтідей ұйып тыңдап қалған. Бір қызығы қонақтың қолында не кітап не дәптер жоқ. Бәрін-бәрін қай ғасыр, қай ел болмасын жатқа айтады. Мен сол күні Еуропа, Таяу-Шығыс, Қытай, Индия мен Америка тарихы жайлы көп жайтты бірінші рет естідім. Оның үстіне әлгі ғалым қай дәуірде, қай мемлекетте, қандай патша, болмаса король тіпті Буддалардың монахтарының қай жылы туып, қай жылы қайтқандарын айтқанда көзім бақырайып, аузым ашылып қалды. Не деген ғажап, не деген білім... Әсіресе мына кісінің есте сақтау қабілеті қандай ғажап... Үш сағаттай болған дәрісіміз, үш минуттай зу етіп өте шықты. Топырлаған жұртпен бірге мен де есік алдына шықтым. Жаңағы ғалым қалтасынан папирос алып темекі шекті. Дәл менің папам сияқты папирос тартады екен. Бір сәт әлгі ғалымды қоршаған жұрттың ішінен біреу сытылып шықты да, мен лып етіп кіріп оның орнына тұрдым. Қаумалаған ел жұрт ана кісіден оны-мұныны сұрап жатыр. Гумилев бір сәт маған көз тоқтатып қарады да, - Откуда будете, дорогой –деді, Мен Қазақстаннан екенімді айттым. - Мне нравится Казахстан... Когда-то мне пришлось побывать там в определенное время – деді. Осы кезде мен қарап тұрмай, қадімгі тарихпен шұғылданып жүрген тарихшыға ұқсап... –Тарихта жоңғар деген халық  шын болды ма? Болса олар қазір қайда? Жоқ қой - деп сұрағанымда ол көзі күлімдеп: – Вот эти вопросы мы будем обсуждать в следующий раз - деді. Бұл кезде директорымыз Ирина Кокорева «Волгасының» есігін ашты да қадірлі қонағын отырғызып бізбен коштасып кете барды. Мен аузымды ашып сол орында состиып қала бердім... – Бұл кім? Қайдан келген ғалым? Егер осы кісіні мана мен көрген тұлғалар тек тыңдау үшін түрегеп тұруға дайын болса, яғни, бұл кісі бекер емес екен ғой деген ойға қалдым. Аты жөні кім еді? Лев Николаевич Гумилев... Мен, Лев Гумилевтың екінші лекциясын асыға тостым. Сөйтсем  ол кісі сонау Ленинградтан келіп бізге дәріс оқиды екен. Ғалым ағай әр екі жетіде кейде, үш жетіде келіп тұрды. Біз де сол ғалымның оқыған әр лекциясын зор ыждахатпен тындайтын болдық. Мен алғашқы рет этнос туралы жаңалықтарды сол кісіден естідім. Этнос ол биосфераның феномені екенін естідім. Пассионарлық теория этногенезінің-тарихи процестің құбылысы екенің ұқтым. Лев Николаевич әрқашан өзінің ұстазы академик Б.Я.Владимирцовтың «Я хочу понять, как и почему все это произошло» деген сөзін айтқанда көңіліме қона кетті. Бір жағынан қарасаң баланың сөзі, оқушының ойы сияқты. Бірақ астарында терең философия жатыр. Гумилев бізге желтоқсанның басына дейін келіп тұрды. Менің ол кезде ұққаным Лев Гумилевтың көзқарасы сол кездегі қоғамдық, тарихи, ғылыми қалыптан биіктеп, әсіресе, әйгілі ғалымдар мен тарихшылардың пікіріне қайшы келгендігі болатын. Оның түрмеде, айдауда жүріп 30 жыл бойы жазған этногенез жайлы ашқан жаңалығы – әлі күнге өз бағасын, дәл тарихи деңгейде ала алмай жүрген сияқты. Мен екінші кездесуден соң ғана Лев Николаевичтің анасы даңқты ақын Анна Ахматова, әкесі Николай Гумилев екенін бірақ білдім. Николай Гумилев – баласы Лев Николаевич айтқандай нағыз пассионарлық тұлға... Николай Гумилев ..Явилась юность – праздник мира, В моей груди кипела кровь. И в блеске солнечного пира, Я увидал мою любовь. Она во сне ко мне слетала, И наклонялася ко мне. И речи дивные шептала, О золотом, лазурном дне. Бозбала дәурен – жарқын сәт әні, Кеудемді қаным керіп тым. Көмкерген күннің алтын шапағы Махаббатыма жолықтым. Түсімде, менің ертегі сынды Нәзік қимылмен ымдайды. Ғажайып үнмен шертеді сырды Сәулесі алтын күн жайлы. ( Бұл жас ақын Жанат Әскербекқызының аудармасы). Ұлы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік –Кебегіндегі» Абыз қалай деуші еді... «Қайтсын-ау, сыңқыл-сылтың, сылтың-сыңқыл... Тілейді-ау, жас бейбақ. Көктемнің көркін-ай... Мамырдың бір нұр шуағы дермісің. Жасты көрсем осылай  көрсемші...» Абыз осы сөзді Гумилевтың дәл осы өлеңіне арнаған сияқты. Әсіресе, түп нұсқадағы бірінші жол – «Явилась юность –праздник мира»... Қандай керемет айтылған тіркес... «В моей груди кипела кровь»... Нағыз образ... Абыздың меңзеп отырғаны осы күш-қайрат... Тар кеудеге сыймай бара жатқан буырқанған бұрсанған бұла күш... Таудан құлаған екпіні қатты көктемгі селдей алдыңғының бәрін қауырсын құрлы көрмей, көтеріп кете беретін табиғат мінез... Міне... Жастық... бұл сезім сиқыры, махаббаттың ұлылығы... Николай Гумилев Кронштадтағы кеме дәрігері Степан Гумилевтың отбасында дүниеге келген. Шешесі Анна Ивановна.  Николай Гумилев орыс әдебиетінің танымал ақыны, аудармашы, әдеби сыншы, ғалым, саяхатшы, 1-ші Дүние жүзілік соғыстың үш мәрте Георгиев крестімен марапатталған сарбаз. Орыс поэзиясындағы шоқтығы биік ақын - Анна Ахматованың күйеуі. Николай Гумилев 1921 жылы 3-тамызда «Таганцев астыртын ұйымына қатысты» деген желеумен ұсталады. Көп ұзамай Петроградтағы Губчеканың қаулысымен ату жазасына кесіледі. Нақақтан-нақақ құрбан болған 61 адам ішінде талантты ақын, орыс халқынын адал патриоты, этнограф, тарихшы-ғалым да шейт болды. Олардың қай жерде жерленгені әлі де белгісіз. Адамзат тарихында не бір озбырлық, қатыгездік, жан түршігерлік қылмыстар қашан да үлкен желеуді жалау қылып жасалған. Ал, осы қатыгездіктің ең сорақысы ол – Ленин әкелген большевизм обасы болатын. Жалпы адамды өлтіру ол күнә, ал ақынды ату, бұл қатыгездіктің ең масқарасы, жауыздықтың шыңы деуге болады. 1910 жылы Николай Гумилев жас ақын Анна Горенкоға үйленеді. Алайда Аннаның бірде-бір туысы олардың үйленуіне келген жоқ. Себебі, олар Николай мен Аннаның үйлі болуына күмәнмен қарады. Көп ұзамай Николай Степанович Африкаға кетеді де, Анна Ахматова жалғыз қалады. Алайда 1911 жылы Ахматова Парижде суретші Амедео Модильянимен танысады. Амедео Модильяни – ХХ-ғасырдағы атақты суретші hәм скульптор. Модильяни Италияда туып өскен экспрессионист, модернист суретші.  Модильяни 1906 жылы Парижге келіп, осы елде біржолата қалады. Ұзын бойлы әдемі суретші Амедео Аннаны бір көріп ғашық болады. Ол өзінің шығармаларында Анна Ахматоваға ерекше орын берген. Әсіресе «Жалаңаш қыздар» галереясындағы Аннаның сұлулығы суретші үшін өте қымбат... Менің естуімше режиссер Александр Миттаның «Москва моя любовь» фильміндегі суретші жігітпен (Олег Видов) жапон қызының (Комаки Курихара) махаббатына осы екі талант Модильяни мен Ахматова арқау болған деседі. Алайда Анна көп ұзамай елге қайтады. Өйткені бұл кезде Ахматованың аяғы ауыр болған шағы-тын.  1912 жылы Ахматова мен Гумилевтың отбасында ұлдары Лев өмірге келеді. Жас ана сәбиіне арнап мына өлең жолдарын сонда жазған. Загорелись иглы венчика Вокруг безоблачного лба. Ах! улыбчивого птенчика Подарила мне судьба. Алайда олардың арасынан бұл кезде ала мысық өтіп кеткен болатын. Лев туған күні әкесі Николай перзентханаға келмейді. Келесі күні де көрінбейді. Өйткені, ол сері болатын.  Николай Гумилев романтик ақын. Оның, әсіресе, алғашқы өлеңдері сезіммен махаббатқа толы, ернеуінен төгілердей кесеге құйылған тастай суық тамыздың қымызындай мөлдіреп тұр. Принцесса В темных покрывалах летней ночи Заблудилась юная принцесса. Плачущей нашел ее рабочий, Что работал в самой чаще леса. Он отвел ее в свою избушку, Угостил лепешкой с горьким салом, Подложил под голову подушку И закутал ноги одеялом. Почему же ей ее томленье Кажется мучительно знакомо, И ей шепчут грязные поленья, Что она теперь лишь правду дома? ...Ранним утром заспанный рабочий Проводил принцессу до опушки, Но не раз потом в глухие ночи Проливались слезы об избушке. Ханшайым Үй иесі ұйқысынан тұрғасын, Ханшайымды жолға салды ертемен. ...Талай түнде ару төгіп жүр жасын Күркені аңсап, көкірегін өртеген... Мынау таң алдындағы арудың көкірегіндегі, кеудесіндегі махаббат гүлі бүр жара бастаған сәті емес пе? Ертегі іздеген сұлудын ұйқылы ояу сезіміндей. Себебі, ол сондай... Аруға тосын сый, күтпеген кез, сиқырлы сәт керек. Бозалаңды таңда , боз ат мінген, боз жігіт пе? Болмаса, белгісіз батыр ма, бәрі бір... Өйткені, бұл сұлудың таң алдында балбырап, сәл-пәл ашылған томпақ еріндері ыстық сүйісті аңсаған шағы. Міне, ақын осылайша өлеңмен өрнек салады. Аяздағы терезеге түскен табиғаттың суреті дерсін. Бәрі де жарасымды, Әуезовтың Абызына кайта ораласың... «Тілегенім менің де сол жолдағы талайың болсын... Алдыңда бұлдыр сағым ішінде бұлаңдаған бір кезең боп сол тұр ғой! Не табарсың, не көрерсің сол белде? Ұшырарсың, ұшыратарсың сен оны! Албырт көңіл тақат қоймай ап етердей түрің бар... Содан, содан қорыққан мұңым бар...» Пушкиннің поэзиясына еліктеп, Лермонтовтың ерлігіне еліткен ақын Николай Гумилев 1914 жылғы Африкаға жасаған соңғы экспедициядан соң, жанын қоярға жер таппайды. Бұл жары Анна Ахматова екеуінің ара-қатынасы алшақтай бастаған кезі еді. Сондықтан да ол, дүниежүзілік соғыс басталғанда өзі сұранып майданға аттанған. Николай осы майданда көзге түсіп, екінші Георгиевский крестімен марапатталады. Оған жары Анна Ахматова риза болмаса да, баласына бір ауыз өлең шығарады: Долетают редко вести К нашему крыльцу. Подарили белый крестик Твоему отцу. Было горе, будет горе Горю нет конца Да храни святой Егорий Твоего отца. Николай Гумилев «Костер», «Мик», «Колчан», «Чужое небо» және «Огненный столп» кітаптарының авторы. Отыз бес жасында дарынды ақын, өз елінде Петербургта қаза тапты. Бергенінен берері көп, жазғанынан жазары көп этнограф, тарихшы, ғалым, аққан жұлдыздай өте шықты. Артында үлкен поэзиясынан басқа, дарынды жары Анна Ахматова мен болашақ ғалым, баласы Лев Гумилев қалған болатын. Адам баласына Күн ортақ, Жер ортақ, Су ортақ секілді Талант та ортақ байлық. Чайковский мен Пушкин қазаққа қандай таныс болса Құрманғазы мен М.Әуезов те өзге елге сондай етене... Бүгін де біздің Димаш қазақтың атын әлемге паш еткен талантты ұл. Николай Гумилев дәл біздің Мағжандай әдебиет пен руханиятқа берері көп дарынды ақын еді... Ал, ақындар өздерінің кетер күнін сезеді деген қауесет бар. Қайғының ауыр дауысы, Мұң үні, сосын дала әні. Патшалар тұрған зал ішін Жайымен кернеп барады. Николай Гумилев мына өлеңін сол кездегі большевизмнің көсемдеріне арнаған іспетті. Упаду, смертельно затоскую, Прошлое увижу наяву, Кровь ключом захлешет на сухую, Пыльную и мятую траву. И Господь воздаст мне полной мерой За недолгий мой и горький век. Это сделал в блузе светло-серой Невысокий старый человек.

Анна Ахматова

Император Александр-II 1861 жылы өзінің манифестімен крепостнойлық құқықты жайғанша Ресей артта қалған елдердің қатарында болатын. Алайда оған дейін орыс империясының Ұлы патшайымы Екатерина-II басқарды. Дей тұрғанмен қоғам өмірінде әйелдер әлі көзге түспеген «Арпа ішінде бір бидай» сияқты тым сирек құбылыс болды. Математик София Ковалевская, атақты балерина Анна Павлова, болмаса «мылқау киноның» жұлдызы Вера Холодная сияқты қыздар тым аз еді. Чарли Чаплин туған, Эйфель мұнарасы мен Толстойдың «Крейсер сонатасымен» бірге туғанмын деп өзі жазғандай... Анна Горенко 1889 жылы 11 маусымда Одессаның түбіндегі Үлкен Фонтанка станциясында өмірге келеді. Әкесі Андрей теңіз инженері болатын. Көп ұзамай олар Петербургтегі Царское селоға көшіп кетеді. Ол Маринский қыздар гимназиясына оқуға қабылданады. Осы кезде жүріп екі әлемнің есігін ашады. Біріншісі, поэзия есігі болса, екіншісі, 13 жасар қыздың жас өспірім Николай Гумилевпен танысуы. Бұл танысудың аяғы талай жылдар өткеннен кейін үйленумен аяқталады. Ұлы ақын екі революцияны, екі дүниежүзілік соғысты Ленинградтың блокадасын бастан кешіреді. Анна алғашқы өлеңдерін 11 жасында жазады. Әкесі Андрей қызының өлеңіне көңілі толмай «декадент ақын» «менің тегімді былғап қайтесің?» деген. Алайда тума талантқа ештене де бөгет бола алмады. Қайсар қыз «Ахматова» деп яғни нағашы әжесінің тегін алады. А.Ахматова туысқан татар халқының ханшайымы Шыңғыстан тараған Жошы-ханның ұрпағы-тын. Анна Ахматова орыс әлеміндегі әдебиетіндегі, мәдениетіндегі талантымен тарихта қалған тұлға. Інжілдегі (Библиядағы) Иисус Христос өз өмірін, тағдырын адамдарға арнап қиған болса... ол да дәл солай... Яғни екеуі екі дәуір... екі қоғам... екі мекен... екі аңыз. Біреуі үшін ол ертедегідей болса, екіншісі таза ақиқат. Біреуі Христос, екіншісі – ақын Ахматова. Екі дәуірде өмір сүріп тұщы өмірдің ащы таяғы маңдайына тиген әйел. Алайда тағдырдың қиындығын да, қасіретін де, жоқты да, жоғалтуды да, азапты да, мазақты да көріп, аштықпен арсыздыққа куә болса да сынбаған сұлу әйел. Ахматованың алғашқы кітабы 1912 жылы «Вечер» деген атпен шыққан. Одан соң «Четки» және «Белая стая» деп жарық көрді. Алайда қызыл большевиктердің революциясы дарынды ақынның аяғына кісен, қолына бұғау салса да қаламына сала алған жоқ. Оған көзі тірі кезінде, 1924,1940,1946 жылдары НКВД үш мәрте арнайы үкім шығарды: “Анна Ахматова является типичной представительницей чуждой нашему народу пустой безидейнной поэзией”. Бұл ақынды өлтірудің тың жолы болатын. 30-шы жылдардан бастап ақынның басына тағдырдың қара бұлты үйіріле бастаған. Ылғи да «Қара киім киген» НКВД адамдары қашан алып кетеді деген үрей болды. Иә... Ол үрей алдамаған екен. Ахматова «контрреволюционер» Н. Гумилевтың әйелі, тұтқындалған қаскүнем қасқой Лев Гумилевтың анасы деп аталды. Бұл кезеңдер екі көзі төрт болып түрменің терезесіне үңілген шақ еді. Анна Ахматова күндерін күнде баласына барумен, одан бір хабар алам деген үмітпен 17 ай абақтының алдында өткізді. Бұл түрме аты шулы Кресты болатын. Сеңдей соғылған әйелдер біреуі күйеуін, біреуі бауырын, біреуі баласын тосқан тұл жесірлер. Ақырған солдаттардың дауысы, шынжырдағы иттердің арпылы... Аштық-жалаңаштық азапты шақтарды Анна Ахматова осылай түрменің жанында өткізді. Алайда оның мына өлеңі ақын азабын айғақтай түседі: А если когда-нибудь в этой стране Воздвигнуть задумают памятник мне, Согласье на это даю торжество, Но только с условьем - не ставить его Ни около моря, где я родилась: Последняя с морем разорвана связь, Ни в царском саду у заветного пня, Где тень безутешная ищет меня, А здесь, где стояла я триста часов И где для меня не открыли засов. Затем, что и в смерти блаженной боюсь Забыть громыхание черных марусь, Забыть, как постылая хлопала дверь И выла старуха, как раненый зверь. И пусть с неподвижных и бронзовых век Как слезы, струится подтаявший снег, Анна Ахматова бұл кезде Ресейде ғана емес шет елде де танымал ақын болатын. Оның иммиграцияға кетуге мүмкіндігі де, жағдайы да бар еді. Алайда ақын туған жерінде қалуды жөн көрді. Орыс әдебиетінен эмиграцияға кеткен алғашқы ақын, жазушы, аудармашы, сыншы Георгий Владимирович Иванов өзінің естелігінде былай дейді: « ..1922 год, после завтра уезжаю заграницу. Иду проститься к Ахматовой. Летний сад шумит уже по осеннему. Как тихо, как тревожно. Ахматова протягивает мне приветливо руку
  • А я здесь сумерничаю, уезжаете кланяитесь от меня Парижу.
  • Анна Андреевна, а Вы не собираетесь уехать?
  • Нет, я не уеду из России...
  • Но ведь жить становиться совсем не выносимо
  • Да, ну и что же?!
  • Но может стать еще хуже
  • Пусть будет...
  • Не уедете?
  • Не уеду.
Анна Ахматова есті де эстет ақын ғана емес ол сезімтал, қағылез еді. Ол маңайындағыларды өзінің ақыл-парасатымен, көркімен де, көзімен де, ойымен де, бойымен де, дарынымен де барымен де магниттей тарта білді. Аннаның ерекшелігі, «Сәуегей», болашақты болжай білетін тағдырын түйсігімен сезетін сергек болуы еді. Әсіресе оның жазған «Молитва» деген өлеңі Ахматованың арқасы бар, көріпкелдігі көзінде емес көңілінде, қазақ халқының Мәшhүр Жүсібіндей ақындық дарынымен бірге қасиет қонған, болашақты меңгерген ерекше жан екендігінің дәлелі. Мына қараңызшы: Дай мне горькие годы недуга, Задыханья, бессонницу, жар, Отыми и ребенка, и друга, И таинственный песенный дар — Так молюсь за Твоей литургией После стольких томительных дней, Чтобы туча над темной Россией Стала облаком в славе лучей. Ахматованың бақытты кезеңдерінің бірі күйеуі Николай Гумилевпен үйленген соң Парижге барған сәті. Бұл ХХ-ғасырдың басы-тын. Сенаның жағалауы, Шанз-Элизе триумфалдық арка, Эйфел мұнарасы, Лувр, Нотр Дам. Анна осы жолы әйгілі суретші, скульптор Амедео Модильянимен танысады. Бұл ғажап кездесу еді. Себебі екеуі де талант, екеуі де сұлу, екеуі де Парижге сырттан келген қонақтар. Модильяниді ол кезде ешкім білмейтін. Екеуі ылғи қол ұстасып қыдырғанды ұнататын бірақ отырмайтын. Себебі ол кезде отырғыштарға ақша төленетін. Ал, суретшінің қалтасында ақшасы болмайтын. Шын мәнінде суретшіні білу үшін, тану үшін ақын болу керек шығар. Ал, Аннаның сұлулығы  Модильяниге  азық болды. Оның Аннаға арнап салған  жүзден астам суреттері мен эскиздері болған. Алайда өкінішке орай көп суреттері жоғалып кеткен. Әсіресе қызыл большевиктердің әскерлері ол ғажап суреттерден «самокрутка» жасап темекі орап шегетін... Ал қалғаны көшіп қонып жүргенде, НКВД-нің архивінде жоғалып кетті. Бұл талантты екі ғашықтың тарихы. Екі дарынның бір-бірімен жолығуының арқасында әлем мәдениеті ұлы шығармаларға байыды. Әсіресе бейнелеу өнері мен әдебиет. Модильянидің досы дәрігер Поле Александрдың жеке коллекциясында 12 сурет нағыз әлемдік «Шедевр» және бұның көбі «НЮ». Бұл жайында Ахматова көп айтқан емес, алайда ақынның жазған мынандай естелігі бар: ... все, что происходило, было для нас обоих предисторией нашей жизни: его – очень короткий, моей - очень длинной. Дыхание исскуства еще не облегло, не преобразило эти два существования, это должен был быть светлый, легкий, предрассветный час. Ешкімнен қаймықпай, ешкімге бас имей, өмір бойы өзінің Азаматтығын, Адамдығын, Ақындығын аялап өткен Ахматованың қуанышынан қайғысы, арманынан азабы, теріп жеген тарысынан тауқыметі көп өмір кешіпті. Тек Сталин өлгенен кейін ғана Анна Ахматова халқына қайтып оралды. Оқырмандар да оны алақанына салды. Екі мәрте Нобель сыйлығына ұсынылды. Оксфорд университетінің құрметті докторы атағына ие болды. Бірақ, өмір бойы көрген азап пен тозақ жайлы ол былай деген: «Категории времени гораздо сложнее, чем категории пространства. Этот день для вас был ужасен, но он был днем вашей жизни. И вы хотите, чтоб не только люди, но и день вернулся. И чтобы жизнь началась с того самого места, где ее прервали. Склеилось там, где ее разбудили топором. Но так не бывает. Справедливость, которая торжествует через много лет это уже не та справедливость, которую ваше сердце жаждало тогда. Да и сердце ваше не то...»

Лев Гумилев

  • Когда я начинал заниматься наукой, обратился к древним контактам
народов, тюркам, монголам. Казалось эта проблематика вдали от современных проблем. И вдруг национальные отношения история межнационаьных связей – вдруг – все это оказалось в центре всех интересов. «Гуны – это моя радость, это мой витамин». Бұл сөздердің авторы орыстың оқымысты, тарихшы, ақын, аудармашы үлкен ғалымы Лев Гумилев. Анна Ахматова мен Николай Гумилевтың жалғыз ұлы. Лев бала кезден әжесінің қолында өсті. 1929 жылы мектеп бітірген соң ғана шешесінің қолына Петроградқа келеді. Бұл кезде Анна Ахматова Николай Пунинмен отбасын құрған болатын. Үйдегі қолайсыздық, өгей әкенің үнсіздігі оның жанына батады. Осындай кезеңдердің бірінде ол өзі сұранып Орталық Азияға экспедицияға шығады. Әкесі Николай Африканы қалай ұнатса, баласы да Орталық Азияға соншалықты құштар болады. Мысалы Лев Гумилев өз күнделігінде ол туралы былай деп жазған: «Смысл моей жизни был в том, чтобы восставить и воздать данные кочевым народам Азии, которых я искренне полюбил». Орта Азияның аптап ыстығы, шөл дала, ақ щаңқан таулар, көк аспанға ұмтылған жасыл бақтар бәрі-бәрі де жас жігітке қатты әсер етеді. Ол осы экспедицияда жүріп парсы, өзбек, қазақ тілдерін үйрене бастайды. Алайда Петроградқа қайта келгенде Лев Гумилевті НКВД тұтқынға алады. Еш дәлелі болмаса да түрмеде 1 жыл отырып шығады. Ақыры ақталған соң, келесі жылы ол Ленинградтағы университеттің тарих факультетіне оқуға түседі. Бұл Лев Гумилевтің ең бір таза, арманшыл, оқуға, білімге, өмірге, көк аспанға, поэзияға, сұлулыққа, аруға іңкәр шағы еді. Бірде жас жігіт Шығыстану институтының кітапханасына әдеттегідей барады. Онда ол Ұлы Моңғол ғалымы Доржи Банзаровтың «Черная вера или Шаманство у Монголов» кітабын оқып отырғанда осы еңбек жайлы мәлімет сұраған қызбен танысады. Бұл кездесу екеуі үшін де тарихи кездесу болатын. Лев Николаевич көңілімен іздеген, күткен аруын Шығыстану кітапханасындан жолықтарады. Бұл Моңғолиядан келген Очирын Намсрайжав болатын. Шығыстан келген сұлуға Лев бірден ғашық болады. Бұл суретші Модильяни мен Ахматованың кездесуіндей еді. Неваның жағалауы, тар да тарихи көшелерде екеуден екеу біресе Пушкин, біресе Достоевский, біресе болашақ жайлы әңгіме шертеді, ажырамас досқа айналады. Чтоб навек остаться угрюмым. Чтобы стать веселей и нежней, Чтобы впредь ни минуты не думать О прекрасной татарской княжне, Чтобы пенье мое и томленье Неожиданно вспомнила ты, Возвращаю тебе отраженье Чужеземной твоей красоты. Өлен оқып біткен соң Лев Николаевич былай деді: «Я люблю Вас Намсрайжав, и пишу поэзии о Вас...». Коней отбивал я и верным их роздал, Я много добычи в Китае достал; Но где та добыча, то ведомо звездам С коней и добычи я счастлив не стал. Но ныне стою я при счастье на страже, Я длинное к юрте приставил копье — В ней карие очи моей Намсрайджабы. В ней черные косы, в ней счастье мое. Алайда тағдыр басқаша болды. Лев Гумилев тағы да сотталады. Бір қызығы, ол Норильскідегі түрмеде қазақ халқының дарынды ақыны Олжас Сүлейменовтың әкесі Омар Сүлеменовпен бір камерада отырады. Мерзімі біткен соң өз еркімен соғысқа сұранып кетеді. Берлинге жетеді. Алайда қайта келген соң 1949 жылы ол тағы да сотталады. Қазақстандағы КарЛАГ-та 1 жыл өтеу жазасын өткізеді. Жалпы Лев Гумилев түрмеде жүрсе де 7 жыл ішінде 3 томдық өзінің еңбегін жазып шықты. Солардың ішіндегі ең басты еңбегінің бірі «Древние тюрки» болатын. Я бы мог гораздо больше сделать, если бы меня не держали 14 лет в лагерях и 14 лет под запретом в печати. То есть 28 лет у меня вылетели на ветер! Бұл Лев Гумилевтың жан айқайы еді. Қатал тағдырдың қаhарына ұшыраса да, Лев Николаевич пен Очирын Намсрайжав бір-бірін ешқашан ұмытқан жоқ. Бұл оқиғалар кез келген көркем шығармаға арқау болатын тарих, тағдыр. Шын сүйген жандардың көрер күндері бар екен. «Кебін киген келмес, кебенек киген келер» дегендей, екеуі арадан 30 жыл өткеннен кейін қайта кездеседі. Алайда бұл тым кеш келген және ұзақ күткен қауышу еді... Чтоб навек не остаться угрюмым. Чтобы стать веселей и нежней, Чтобы впредь ни минуты не думать О прекрасной татарской княжне, Чтобы пенье моё и томленье Неожиданно вспомнила ты, Возвращаю тебе отраженье Чужеземной твоей красоты. Бұл кеш есте қаларлық әдемі сәт болатын. Бір кезде Лев Николаевич сыртқа шығып кеткенде әйелі Наталья Викторовна қонағы Очирын Намсрайжавқа былай дейді: «Вы знаете он однолюб и всю жизнь он любил только вас. Знали ли вы об этом?». ...каждый народ хранит в себе прошлое, и чтобы ладить с иноплеменниками, надо уважать их этническую уникальность и предвидеть их реакцию на каждое необдуманное слово или поступок. Ведь сколько сегодня конфликтов происходит из-за взаимного непонимания или ложной уверенности, что все люди одинаковы. Бұл ойда сол түні айтылған болатын. Ия, мақаламның басында жазғандай мен осындай үлкен ғалымның лекциясын тыңдадым. Жаңылмасам сол кездерде «Академия Общественных наукте» оқып жүрген Қырымбек Көшербаев да одан дәріс алған. Кейін ол Білім және Ғылым министрі болып тұрғанда Лев Гумилевтің атын Евразия университетіне беру туралы ұсынысты Президентке жеткізген де Қырымбек Көшербаев деп білемін. Лев Николаевичтің өте құнды, мағыналы еңбектері баршылық. Әсіресе біз үшін өте маңыздысы «Происхождение Казахского этноса». Л. Гумилев жайлы басқа ғалымдардың жазғандары мен пікірлерін мен тәржімаламай түп нұсқа күйінде ұсынуды жөн көрдім:  Образование Казахского народа Л.Н. Гумилев (многие авторы такого же мнения) связывает непосредственно с улусом Джучи, его разделение на три орды: Белую, Синию и Золотую. Интересно, что он сетует на то, что в западной историографии указываются только две орды: Белая и Золотая. Именно с Синей Ордой, занимавшей территорию от Тюмени до Мангышлака, связывает Л.Н. Гумилев происхждение казахского народа. Л.Н. Гумилев внес свой неоценимый вклад в изучение истории этногенеза казахского народа, научно доказав, что кочевая цивилизация дала миру систему государственного управления на громадной территории Евразии. К тому же Л.Н. Гумилев никогда не скрывал своего теплого отношения к казахам, как и к другим потомкам кочевых народов Евразии, утверждая, что между представителями россиского и степного суперэтносов существует положительная комплименарность, которой нет, к примеру, в отношениях русских и европейцев. Как говорил Л.Н. Гумилев в одном из интервью: «Лично мне, тесные контакты с казахами, татарами, узбеками показали, что дружить с этими народами просто. Надо лишь быть с ними искренними и уважать своеобразие их обычаев. Ведь сами они свой стиь поведение никому не навязывают». Научное наследие Л.Н. Гумилев имеет непосредственное отношение и к истории и происхождению казахского народа. Гумилев глубоко и интересно исследовал историю его предков: хуннов, тюрков, кипчаков. Л.Н. Гумилев көне тарих үшін де, ежелгі халық болған Қазақ халқы үшін де ұшан теңіз қызмет етті. Ол әлемдік ойшылдардың бірі де, бірігейі. Ол өзінің ғылыми зерттеулерінде Ұлы даладағы көшпенді халықтың әлемдік мәдениет пен тарихқа орасан үлес қосқан ұлы халық екендігін дәлелдеді. Сол үшін де 2001 жылының 5-ші маусымында тұңғыш президентіміз Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен Еуразия университетіне осы тұлғаның аты берілді. Өз басым Азамат ретінде ДУМА-дағы Никонов пен Жириновский сияқты өзі су ішкен құдығына түкіретін пенделерге – Қазақ елі жайлы бір пікір білдірмес бұрын алдымен өз халқының тарихшы ғалымдарын оқып таныса деймін. Мысалы Л.Гумилев Қазақтар жайлы: «На основе сохранившихся кочевых семей, родов – как монголов, так и тюрок – стали образовываться племенные союзы – жузы. Алтай, Тарбагатай, Тянь-Шань в сочетании с прилегающими равнинами – этот разнообразный ландшафт был местом, где зародился казахский этнос и откуда, потом распространился на широкие, бескрайние степи Евразии, вплоть до Волги. Казахи как этнос вышли из очень красивой, природно-богатой и благоустроенной страны... Хотя казахи, как народ, существовали, естественно, и раньше. Все три Казахские жуза были объедидены между собой политическими и культурными связами, и это была наиболее удобная форма для мирного существования кочевников в Степи». Мұрнының астынан басқаны көре алмайтын кейбір шовинисттер Солтүстік Қазақстанға көз алартып жатқан бүгінгідей алмағайып заманда ұлты орыс болғанымен жаны қазақ ғалым Л.Н. Гумилевтің сөздері оларға ой сала

Серіктес жаңалықтары