Бір сыныпта оқитын оқушылардың ұстаздарына деген құрметі көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Жақсылықова Instagram парақшасында оқушыларының өзін шанамен үйіне дейін апарып салуды ұсынған видеосын жариялады. Мұғалімнің "ұят емес пе?" деген сұрағына олар "жоқ" деп жауап берген.
«Қай жақсылығым үшін берілген оқушыларым екенсіңдер?!
Жандарым сол, менің ең сүйікті де,ақылды шәкірттерім», - деп жазба қалдырған мұғалім.
Белгілі болғандай балалардың есімі – Абдрахим, Медет, Нұрислам және Сәбит. Олар Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылындағы Ақкөл жалпы орта мектебінің 3-сыныбында оқиды.
Ал бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Жақсылыққызы бұл салада 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Желідегілер балалардың тәрбиесі мен құрметіне тәнті болып, балалық шақтарын сағынышпен еске алды.
“Балалардың көңілін қалдырмай, қамқорлығын қабылдағаныңыз қандай керемет”, “Неткен әдемі көрініс! Қиын өмір бұл балаларды сындырмасын, әрдайым осындай мейірімді болып өссін”, “Өскенде сізді қымбат көліктерімен де қыдыртады әлі”, “Қанша рет көргенімді білмеймін. Мұғалім де, балалар да сондай бақытты”, “Қандай керемет уақыт өткізгенсіздер. Балалар күшін де, махаббатын да, көңілін де аямаған”, – деп жазды желі қолданушылары,