171
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат беріледі – Сенат
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат беріледі – Сенат
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Qazaqstan» арнасына берген сұхбатында зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алған азамат 10 пайыздық салықты қалай төлейтінін түсіндірді.
«Бәріміз ай сайын зейнетақы қорына ақша аударып отырмыз. Сол жинақтың бір бөлігін алу – қазір өзекті мәселелердің бірі. Оған рұқсат беріледі. Сол зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде қазіргі заңнамаға сәйкес, бәріміз 10 пайыздық табыс салығын төлеуіміз керек. Бұл бұрыннан келе жатқан норма. Зейнетақысын алған азаматтарымыз сол 10 пайызын төлеп жатыр. Қазір біздің азаматтарға соны төлеу қиын шығар. Осы мәселені не істейміз деп ақылдасып, жаңа механизм ұсынып отырмыз. Ол механизм былай жұмыс істейтін болады: мысалы келесі жылдан бастап азаматтарымыз өзінің зейнетақы қорынан 1 миллион теңгесін алатын болса, ол 10 пайыз салықты, яғни 100 мың теңгені бірден төлемей, зейнетке шыққаннан кейін 16 жылдың ішінде бөліп төлейтін болады. Инфляция бар, басқасы бар, ол кезде енді жеңілдеу болады», – деді Мәулен Әшімбаев.
Еске салайық, бүгін, 28 желтоқсан күні Орталық коммуникациялар қызметінде зейнетақы қаражатының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.