Мереке күндері аяз болады

Мереке күндері аяз болады

Мереке күндері аяз болады
ашық дереккөзі
50252
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауа райы қалай болатынын синоптиктер хабарлады. Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, 2020 жылдың 25-31 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс аймақтарында күн күрт суиды. «Термометр көрсеткіші 35-42 градусқа дейінгі минус температураны көрсетеді. Яғни Қазақстанның бүкіл аумағында күн әдеттегіден суық болады. Жоғарыда аталған кезеңнің ортасында анлантикалық циклонның орнын жылу мен ылғалдың мол қоры ауыстырады. Сол себепті аздаған жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы қысқа аралықта жылиды. Алайда кезеңнің соңында суық антициклон қайта еніп, жауған қар тоқтап, Қазақстанда қайта аяз түседі: бұл кезде Қазақстанның солтүстік аймақтарында 35-45 градусқа дейін күн суиды», – деп хабарлайды Қазгидромет. Синоптиктердің болжамынша, 2021 жылдың 1 және 2 қаңтарында елордада көшпелі бұлт жүріп, секундына 5-10 метрлік жел соғады. Күндіз 25-30, түнде 32-37 градусқа дейін суық болады. Алматыда қаңтардың алғашқы күндері көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жаумайды. Күндіз 20-25, түнде 23-28 градусқа дейін суық болады. Шымкентте  1-2 қаңтарда көшпелі бұлт жүргенімен, жаңбыр жаумайды. Секундына 5-10 метрлік жел соғады. Күндіз 10-15, түнде 15-20 градусқа дейін суық болады. Жаңа жылдың басында салқын Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде болады. Ауа температурасы:  батыста түнде минус 10-20 градус, күндіз минус 5-13 градус; оңтүстік батыста минус 5-13 градус, күндіз -5 + 5 градус; солтүстік-батыста түнде минус 25-33, күндіз минус 12-20 градус; солтүстікте, шығыста, орталықта минус 32-37, кей жерлерде минус 43, күндіз минус 25-35 градус; оңтүстікте минус 15-28 градус, күндіз минус 10-20 градус; оңтүстік-шығыста минус 23-35, күндіз минус 20-28 градус болады.  

Серіктес жаңалықтары