Ақсақалдар бас партияның баға жетпес жақсылығын айтты

Аудандық мәслихатқа үміткер Лариса Қайырғалиева «Канвассинг» шарасы аясында аудан ақсақалдары Иран Дәулетов пен Ерболат Мұратовтың шағырағына барып, сайлауалды бағдарламамен таныстырып, сайлауға қатысуға шақырды.

Ақсақалдармен кездесу барысында Лариса Қайырғалиева Nur Otan партиясының бағдарламасына, негізгі бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ақпараттық материалдар табыстады.

Уақытында лауазымды қызметте болған қос ақсақал да сайлауға барып дауыс беруді бұлжымас азаматтық парыз деп танитындарын, бұйыртса елдің алды боп алдағы жылдың 10 қаңтарында өз учаскелеріне барып, сайлауға қатысып, дауыстарын беретіндерін айтты.

Ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Иран Дәуленов:

– Nur Otan партиясының еліміздегі жетекші партия екеніне ешкімнің таласы жоқ. Бағдарламалары іске асып жатқанына ел куә. Күні кеше пандемия өршіген уақытта, елімізде карантин жарияланып, жұрт төрт қабырғаға қамалды. Сол сәтте халықпен бірге болып, әлеуметтік тұрғыдан да, қаржылай да қолдау білдірген партия елдің жүрегінде екені даусыз. Халқымыздың әлжуаз топтарына бұл үлкен демеу болды. Осы жайттарды ескерген саналы адам дұрыс таңдау жасап, баға жетпес көмек берген Nur Otan партиясына өз дауыстарын береді деп ойлаймын, – деді ақсақал.

Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы.
Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының
Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Back to top button