Кішкене қызын ішкиімімен далаға қуған ананың ісі түрлі ойға қалдырады

Кішкене қызын ішкиімімен далаға қуған ананың ісі түрлі ойға қалдырады

Кішкене қызын ішкиімімен далаға қуған ананың ісі түрлі ойға қалдырады
ашық дереккөзі
295
Әлемде зорлық-зомбылық көп жасалып жатады, бірақ кейде соның құрбаны қорғансыз балалар болатыны жаныңды ауыртады. Өйткені балалар өздерін қорғауға қауқарсыз. Оның үстіне ата-анасы жазалаған бала кімнен көмек сұрайды, кімді пана тұтады?.. Әлеуметтік желілерде 8 жасар қызын ішкиімшең далаға қуған әйел туралы жазылып, есік алдында жылап отырған қыздың фотосы таралып кеткен еді. Оны жұрт асқан қаталдық деп танып, қыздың анасын жазалау керек деп жатты. Дегенмен мәселенің байыбына бармай біржақты қаралауға болмайтыны анық. Қыздың шешесінің айтуынша, пәтерде тұратын әйелдің көршілері оған «балаларың ұрлықшы» деп жанына бататын сөз айтқан соң, отбасына жаманат келтірген қызына сабақ беру үшін солай жазалағанын айтады. Журналист Динара Сәтжан қызын жазалаған әйелмен және қыздың далада жылап отырған суретін желіге жариялап жіберген Аида есімді көршісімен де сөйлескен. Екеуі де қазір өз істеріне өкінетінін айтқан. Қыздың анасы журналистке «Ақшаның жетіспеушілігінен, бөлме жалдаудан, үнемі жұмыс іздеуден шаршадым. Кеше балаларға ашуландым. Мен олардың басқа біреудің затын алғанын қаламаймын. Бұлай болмау керек екенін түсіндіру үшін қызымды далаға шығарып жібердім» – деген. Сондықтан Динара Сәтжан мәселеге біржақты қарап, әйелді аналық құқықтан айыруға болмайды дейді. Сол сияқты мәселенің бұлайша талқыға түсіп кетерін ойламай, суретті желіге жүктеген көрші көрші әйел де өз ісіне өкініп отырған көрінеді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Біз көріп, сол жерге арнайы топты, қамқорлық көрсету органдары мен ювеналды полицияны жібердік. Олар қазір тиісті жұмыстарды жүргізуде. Қыз баланың далада киімсіз отырғанын көріп, мұндайда сөз тауып айтудың өзі қиын. Далада қар, қыс, мен мұндайды түсінбеймін. Біреулер өз балаларына шыдай алмайды, енді біреулер балалы болуды армандайды. Өкінішке орай осындай сұмдық жағдайлар орын алып жатады. Осындай жағдайларда мемлекет өте жылдам әрекет етуі керек», - деген болатын. Әрине, баланы тым қатал жазалаған ананың да әрекетін құптауға болмайды. Бірақ оған заң жүзінде тым қаталдық танытып, аналық құқығынан айыру да оншалық дұрыс шешім емес. Өйткені балаға бәрібір ешкім өз ата-анасындай болмайды. Сондықтан ашу үстінде қызына сабақ болсын деп қаталдық жасаған әйелді жазалаудың орынына, оған әлеуметтік жағынан көмек берген дұрыс болар еді.  

Серіктес жаңалықтары