22 жастағы миллиардер ағылшын футбол клубын сатып алды

22 жастағы миллиардер ағылшын футбол клубын сатып алды

22 жастағы миллиардер ағылшын футбол клубын сатып алды
ашық дереккөзі
22 жастағы миллиардер Кирил Луи-Дрейфус 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ағылшындық «Сандерленд» футбол клубының президенті қызметін атқармақ. Бұл туралы Спорт-Экспресс басылымы хабарлайды. «Сандерленд» клубының иегері Стюарт Дональд команданы жас миллиардер Кирил Луи-Дрейфуске сатуға келісті. Кирилл — Adidas маркасының бас директоры болған Роберт Луи-Дрейфустың ұлы. Роберт 2009 жылы қайтыс болған. Кириллдің екі інісі бар. Кириллдің анасы Маргарита Дрейфус (Богданова) 1962 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. Forbes мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы қараша айында Маргаританың дәулеті 5,6 млрд АҚШ долларын құраған.