366
«Апаттық қызмет» өкілдері Nur Otan партиясының бағдарламасына сенім білдірді
«Апаттық қызмет» өкілдері Nur Otan партиясының бағдарламасына сенім білдірді
Zoom платформасында Nur Otan партиясының депутаттығына үміткерлер Ержан Баженов пен Мұрат Жәкенов «Апаттық қызмет» ӨК ұжымымен кездесу өткізді.
Бұл өндірістік кооператив Петропавлда 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашқы күннен бастап ол қаланың коммуналдық меншігіндегі жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз желілерін, шағын сәулет нысандарын күтіп ұстауда. Белгілі бір уақыт аралығында ұжым құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарымен белсенді айналысты. ӨК қызметінің негізгі түрі – энергетика екенін атап өткен жөн, ал қалған барлық қызметтер өндірістік процестің бір бөлігі ғана. Кәсіпорында 150-ден астам адам жұмыс істейді. Олар үшін қажетті жағдайлар жасалған, әркім өз жұмысын бағалайды. Бүгінгі таңда тәжірибелі қызметкерлер мен жаңадан келген жас кадрлар кез-келген тапсырман сапалы түрде орындай алады. Осы жылы кәсіпорын Потанин көшесінде жарықтандыруды орнатумен байланысты үлкен жобаны жүзеге асырды, онда ауқымды қайта жаңарту жүргізілді. «Апаттық қызмет» ӨК жұмысының арқасында көше ашық аспан астындағы мұражайға ұқсады. Сонымен қатар, кәсіпорын Қизатов көшесі мен Береке шағын ауданында жұмыс жүргізіп, адамдар жиі шағымданатын жарыққа байланысты мәселені шешті. Ескі шамдардың барлығы заманауи шамдарға ауысты. Энергия шығындарын, тиісінше, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін озық технологиялар енгізілуде. Кездесу барысында партия мүшелері мен ӨК қызметкерлері арасында конструктивті диалог жүрді. Қызметкерлер партия бағдарламасын қолдайтынын айтты, себебі оның әр бағыты бойынша нақты атқарылатын іс-әрекеттерді көрді. Петропавлда жарықтандыру желілерін қайта жаңарту және салу бойынша бағдарлама жалғасады. Партия мүшелері петропавлдықтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін Nur Otan партиясы алдағы 5 жылда жоғары вольтты кабель желілерін (1,2 шақырым) және «Казахстанская правда» көшесіндегі бір трансформаторлық қосалқы станцияны қайта жаңғыртуға қол жеткізуге тырысатынын хабарлады. Бұдан басқа, ұзындығы 16,5 шақырым жылумен жабдықтау желілері салынады және қайта жаңартылады, соның нәтижесінде 30 мыңнан астам қала тұрғыны қоныстанған үйлер жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ұзындығы 43,5 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңарту қолға алынады. Аталған шара 70 мыңнан астам адамды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Қызметкерлер жоспардың орындалатынына сенім білдірді. Жұмыс бар болса еңбек ететін азаматтар табылады дейді олар.Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді