Қара нәсілді азаматты атып өлтірген полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қара нәсілді азаматты атып өлтірген полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қара нәсілді азаматты атып өлтірген полиция қызметкері жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
50234
Колумбус қаласының (АҚШ, Огайо штаты) полиция департаменті осы аптада қара нәсілді азаматты атып өлтірген полиция қызметкерін жұмыстан босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Euronews агенттігі.
Полиция қызметкері Адам Койға құқыққа қарсы әрекет еткені үшін айып тағылып отыр. Сонымен қатар оның екі әріптесіне «жейделеріне тағып алған камераларын іске қоспағаны және жараланған бейбіт тұрғынға дер кезінде көмек көрсетпегені үшін» айып тағылып, оларға қатысты да тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Колумбус қалалық полициясының қызметкері Адам Кой досының үйіне қонаққа келген афроамерикалық азамат Андре Морис Хиллге қарсы оқ атқан. Морис оқиға орнында көз жұмды. Адамның жейдесіне таққан камерасына түсірілген видеода Мористің қолында қару емес, ұялы телефон екені анық көрініп тұр. Алайда полиция қызметкерінің Мористің қолындағы затты көре тұра, не себепті оқ атқаны белгісіз. 
Осыған орай, АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы жаппай наразылық тағы да күшейте түсті.  

Серіктес жаңалықтары