2021 жылғы қаңтар айының ауа райы болжамы

2021 жылғы қаңтар айының ауа райы болжамы

2021 жылғы қаңтар айының ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты жағдайда, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік пен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр, – деп хабарлады Қазгидромет. Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Қаңтардың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді: солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін; республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, кей жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді. Синоптиктердің болжамынша қаңтар – жыл iшiндегi ең суық ай. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралуы кезінде абсолюттік минималды температура -48-54 °C дейін, ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін  төмендеуі мүмкін. Қаңтарда республика бойынша жауын-шашын мөлшерiнің бөлінуі бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек, 40-82 мм аралығында жауады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр, – деп хабарлады Қазгидромет.