50397
2021 жылғы қаңтар айының ауа райы болжамы
2021 жылғы қаңтар айының ауа райы болжамы
2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты жағдайда, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болады.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік пен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр, – деп хабарлады Қазгидромет.
Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Қаңтардың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді: солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін; республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, кей жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.
Синоптиктердің болжамынша қаңтар – жыл iшiндегi ең суық ай. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралуы кезінде абсолюттік минималды температура -48-54 °C дейін, ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін төмендеуі мүмкін.
Қаңтарда республика бойынша жауын-шашын мөлшерiнің бөлінуі бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек, 40-82 мм аралығында жауады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр, – деп хабарлады Қазгидромет.