Аталмыш басқосуда үміткерлер салаға қатысты сайлауалды бағдарлама төңірегіндегі нақты жоспарлармен таныстырып, сайлауда аталмыш партияны қолдауға үгіттеді. Ашық әңгіме, еркін пікірталас алаңында ақ халатты жандардың біліктілігін арттыру, ауылдық округтерде орналасқан ауылдық дәрігерлік амбулаториялар құрылысын салу және күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселерді көтерді. Үміткерлер көтерілген түйінді мәселелер туралы ойын айтып, сала мамандарының салмақты сауалдарына рет-ретімен жауап берді.
Нақтырақ айтсақ, инфекционист, акушер-гинеколог мамандықтарына мамандарды резидентурада оқытуға, Жалағаш кенті мен Дәуімбай, Жаңақоңыс елді мекендегі медициналық нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге және Мырзабай Ахун, Есет батыр, Қаракеткен, Таң елді мекендерінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын салуға ықпал жасайтындықтарын жеткізді.
Шара соңында сала мамандары пандемия кезінде Nur Otan партиясының үлкен қолдауына ие болғандарын айтып, партия тарапынан жасап жатқан игілікті жұмыстарға ризашылықтарын жеткізді. Алдағы саяси додада Nur Otan партиясын қолдайтындарын айтты.
Nur Otan партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.