267
ҚХП мүшелері қарағандылық сайлаушылармен кездесті
ҚХП мүшелері қарағандылық сайлаушылармен кездесті
ҚХП-ның Қарағанды сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Сайлаушылармен кездесу – сайлау алдындағы доданың маңызды бөлігі. Сондықтан депутаттыққа кандидаттар сайлаушылармен ашық диалог мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысады.
Бұл жолғы кездесуде қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Тимур Райымбеков, Анатолий Баранов және Сергей Валенвейн қарағандылықтардың алдына шықты. Олар ҚХП сайлауалды бағдарламасын таныстырып қана қоймай, Қарағандыда орын алған проблемаларды шешу туралы өз ойларымен бөлісті.
Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Александр Зевахин өз сөзінде партияның әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі он бастамасы туралы толық ақпарат берді.
Кездесу соңында кандидаттар сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Оларды өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, өздері мен балаларының болашағын таңдау үшін дауыс беруге шақырды.