238
Ауыл тұрғындары ауыз су мәселесін шешіп беруді өтінді
Ауыл тұрғындары ауыз су мәселесін шешіп беруді өтінді
ADAL партиясының мүшелері Ақтөбе және Ақмола облысы тұрғындарымен кездесті.
Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Лаура Маликова, Ләззат Шыңғысбаева және партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев кездесуде партияның негізгі басымдықтарын айтып, аdalpartiyasy.kz сайтының қызметі туралы әңгімеледі.
Ақтөбедегі кездесуге бизнес өкілдері, жастар және түрлі саладағы қызметкерлер қатысты. «Біз елдің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Күні ертең өз жетістіктерімізбен мақтанып, сайлаушыларымыздың көзіне тура қарайтындай қызмет еткіміз келеді. Ел тұрғындарының көпшілігі бізге сенді. Бұл өте маңызды! Адамдардың сенімі мен үміті бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – деді Л.Шыңғысбаева.
Партиялық бағдарламаның мәнін анықтағаннан кейін кездесу сұрақ-жауап форматына ауысты.
«Мен несиелеу бағдарламалары мен гранттық қолдаудың көбірек болғанын қалаймын және оларды бірнеше рет қолдана алатын болсақ, тіпті жақсы болар еді. Мен бір рет грант алдым, бірақ аяққа тұру үшін бизнеске көбірек көмек қажет», – деді кездесуге қатысушы.
Ақмола облысының Шортанды ауылында үміткерлер Ақмарал Бекмұрзаева мен Алина Асқарова жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесу өткізіп, оларға ауылды қолдау бағдарламасы туралы айтып берді.
Тұрғындар балаларының мектептегі шамадан тыс жүктеуіне және оқу сапасының нашарлығына наразы. Сондай-ақ ата-аналар балабақшалар балаларды үш жастан бастап қабылдайтынын айтып, ал жәрдемақының тек бір жылға дейін ғана берілетініне шағымданды. Шортанды тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе ауызсу жүйесінің тартылмауы екен.
«Қазір бізде берілген су қоры бар, бірақ әрі қарай не істеу керек екені түсініксіз. Біз таза суды қайдан алып ішеміз?», – дейді ауыл тұрғыны. Сондай-ақ партия атынан үміткерлер Ақкөл қаласына да барды.
«Ақкөл көлі өте қиын жағдайда. Барлық партиялар бізге көлді тазартуға уәде береді, бірақ оны әлі ешкім орындаған жоқ. Біздің мәселемізді шешулеріңізді сұраймыз», – деді қала тұрғыны.
Партия өкілдері ADAL үміткерлерінің арасында бұл мәселені жеке бақылауға алатын тәжірибелі эколог бар екенін атап өтті.