«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. «Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік Антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады. Термометр бағаны 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі», – делінген хабарламада. Республиканың батыс өңірлеріне ғана 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Оның әсерінен жауын-шашын түсіп, кей жерлерде қар жауады. Жел күшейіп, жаяу бұрқасын тұрады. Ауа температурасы кей жерде күндізгі уақытта -5 градусқа дейін түсіп, кей жерлерде +5 жылуы мүмкін. Сондай-ақ, республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ болады.
Жүктелуде...