Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мереке күндері сауда орталықтарының жұмыс кестесін жариялады.
«Кеше шыққан қаулыға сәйкес сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін, сенбі және мереке күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыc істейді, ал жексенбі күндері сауда орталықтары жабық болады», – деді Қадырова елорда әкімдігінде өткен брифингте.
Яғни, алдағы мереке күндері сауда орталықтары, сауда үйлері шектеулі режимде жұмыс істейтін болады.