386
Қазығұрт ауданында алдағы 5 жылда 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Қазығұрт ауданында алдағы 5 жылда 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихатқа үміткер Бейсен Тәжібаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазығұрт ауданына барды. Ең алдымен Бейсен Дәулетұлы Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының отырысын өткізді.
Отырыста Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Исақұлов аудандық филиалының жанынан құрылған сайлауалды штабының атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Сайлауалды қоғамдық штабында 15 мүше бар. 23 адам үгіт-насихат штабында жұмыс істеуде. Үгіт-насихат штабы мүшелерінің 98 пайызы үміткерлерден құралып, олардың үгіт-жүргізу жұмыстары сайлауалды желілік кестесі бекітілген. Бүгінгі таңда сайлаушылармен 33 кездесу өткізіліп, сайлаушылардан 15-ке жуық сын-ескертпелер мен ұсыныстар жинақталған. Ал екінші кезеңде түрлі форматта 47, үшінші кезеңде 44 іс-шара өтіпті. Оның 18-і онлайн форматта ұйымдастырылған. Кестеге сәйкес осы күнге дейін 34 кандидаттың 10-ы, 183 сенімді өкілдің – 9 қоғамдық қабылдау өткізіп, 75 азаматтың арыз шағымдарын тыңдап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мұнан соң ол Қазығұрт ауылының тұрғыны, зейнеткер, еңбек ардагері Молдабай Ілиясовтың үйінде болып, канвассинг-кездесу өткізді. Ақсақалдың хал-жағдайымен танысып, алдағы келе жатқан сайлау жайында әңгімелесті. Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ондағы дамудың жеті басымдықтары жайлы түсініктеме берді. Молдабай ақсақал партия белсенділеріне өз ризашылығын білдіріп, алдағы сайлауда Nur Otan партиясына сәттілік тіледі. Жүздесу кезінде ақсақал өзінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, алған жауаптарына қанағаттанатынын білдірді. Сайлауға барып, көшбасшы партияға дауыс беретінін де айта кетті. Қазығұрт ауданында тігін өндірісі дамып келеді. Бұл істі «Компания Serper invest» ЖШС-гі айналысуда. Бейсен Тәжібаев бастаған облыстық сайлауалды штабының мүшелері Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Аширов, Г.Тажибаева, Ө.Көпеев, Е.Исақұлов, Д.Кубеевтер аталған тігін фабрикасының жұмыскерлерімен кездесті. 2011 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 310 адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы 95 мың теңгенің клемінде. Мұнда мектеп формасы, арнайы киімдер мен көрпе, қорғаныс саласына қажетті және жеке орғану киімдері тігіледі. Кездесуде сөз алған Бейсен Дәулетұлы Nur Otan партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген ахуалды жақсарту бойынша шаралар, дамудың жеті басымдықтары жайлы айтып берді. «Қазығұрт ауданының әлеуеті де зор. 2025 жылға ауданда 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 108 мыңнан 135 мың теңгеге дейін өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 5 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндіктер бар. Бұл үшін Nur Otan тез әзірленетін тағамдар өндірісін кезең-кезеңмен кеңейтуді, майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару өндіріс орнын іске қосуды, минералды су шығару цехын ашу ісіне қолдау білдіретін болады. Алдағы 5 жыл көлемінде партия шағын және орта бизнес салаларында барлығы 11,6 млрд теңгені құрайтын 130 жобаны жүзеге асыруға күш салады. Нәтижесінде 2025 жылға Қазығұрт ауданының өңдеу өнеркәсібінің өсімі 90 пайызға дейін артады», – деді Бейсен Дәулетұлы. Кездесу соңында сайлаушыларға Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының кітапшасы таратылып, онда көрсетілген мақсат және міндеттермен танысуға мүмкіндік берді. Басқосудың соңында сайлаушылар жағынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі. Nur Otan партиясының Түркістан облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді.