«Эйр Астана» APEX қауымдастығының жоғары бағасын алды

«Эйр Астана» APEX қауымдастығының жоғары бағасын алды

«Эйр Астана» APEX қауымдастығының  жоғары бағасын алды
ашық дереккөзі
APEX (Airline Passenger Experience Association) америкалық қауым­дас­тығы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Ірі әуекомпаниялар» номинациясы бойын­ша 5 жұлдызды рейтингін үшін­ші жыл қатарынан берді. Әуекомпаниялар рейтингі авиа­та­сы­малдаушылардың TripIt мобильді қосым­ша­сы арқылы жиналған пікірлерге негіз­дел­ген. Онлайн сауалнама 600 әлем әуе- ком­­панияларының миллионнан астам рейс­терін қамтыған. Жолаушылар әуета­сы­мал­даушыларды 5 өлшемшарты бойынша ба­ғалады: креслолардың жайлылығы, борт­тық қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен Wi-Fi қызметі. APEX – әуе көліктегі қызмет көрсету сапа­сын жақсарту және зерттеу бойынша ма­манданатын халықаралық коммер­ция­лық емес ұйым. АPEX тәуелсіз аудиторлық компаниясымен сертификатталған.

 Серік Әлімжанов,

Алматы