Бұрынғы "Әлем аруы" автобустың астына түсіп мерт болды

Бұрынғы "Әлем аруы" автобустың астына түсіп мерт болды

Бұрынғы "Әлем аруы" автобустың астына түсіп мерт болды
ашық дереккөзі
289
Аргентинадан шыққан алғашқы "Әлем аруы" Норма Компальо автобус қағып кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Nacion-ға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Апат Буэнос-Айресте өткен бейсенбіде болған. Сауда үйінен шығып, бағдаршамның рұқсат етілген түсі жанған кезде жолды кесіп өтпек болған Компальоны тұтқиылдан автобус қағып кеткен. Әйел ауруханаға жеткізіліп, жасанды комаға түсірілді. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол бес күннен кейін қайтыс болды.  width= Норма Компальо Лондонда өткен "Әлем аруы-1960" байқауында жеңіске жеткен. Ол осы атақты жеңіп алған Аргентинаның алғашқы тумасы болды. 21 жастағы ару мәртебелі атақтан бөлек, спорттық автокөлік пен қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды.

Серіктес жаңалықтары