305
Коронавируспен күрес: Әлем елдерінің шығыны есептелді
Коронавируспен күрес: Әлем елдерінің шығыны есептелді
Әлемнің барлық елдері коронавируспен күресуге 13 триллион доллардан астам қаражат жұмсады, деп жазады Nikkei сарапшылардың есептеулеріне сілтеме жасап.
Бұл сомаға АҚШ Конгресінде келісілген 900 миллиард долларға жуық ел экономикасын ынталандыру жөніндегі шаралар пакеті де енген. Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылы жаһандық мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 125 пайызына жетеді.
Коронавирустық пандемияға байланысты әлемдік экономикаға келтірілген жалпы шығын 2021 жылдың аяғында 7 триллион долларды құрайды. Мұндай болжамды бұған дейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас экономисі Лоранс Бун жасаған болатын.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биылғы шілдеде мемлекеттік қарыз әлемдік ЖІӨ-нің 128 пайызына тең болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алдыңғы қатарлы елдер экономикалық өсімнің арқасында қарыз мөлшерін тез азайта алды. 1959 жылға қарай борыштың ЖІӨ-ге қатынасы екі еседен астам ‒ 50 пайыздан аса төмендеді. Алайда сарапшылардың болжамынша, бұл жолы мұндай нәтижелерге қол жеткізу қиынға соғады.