«Ақ жол» партиясы: Мемлекет салық төлейтіндерді қолдауға міндетті

«Ақ жол» партиясы: Мемлекет салық төлейтіндерді қолдауға міндетті

«Ақ жол» партиясы: Мемлекет салық төлейтіндерді қолдауға міндетті
ашық дереккөзі
252
«Ақ жол» партиясының өкілдері «Казполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу кезінде өзі табыс табатын әрі өзгелерді жұмыспен қамтитын, бюджетке салық төлейтін кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетуі керек екенін айтты.  Кәсіпорын Қазақстан, жақын және алыс шетелдерге арналған қаптама өнімдерін шығарады. Соңғы бес жылда бұл өндірістегі жабдықтар толығымен жаңартылды. «Мемлекет кәсіпкерлерді қолдауда. Десек те, отандық өндірушіні қорғағымыз келсе, оған ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүгінгі таңда бізбен негізінен шетелдік және ресейлік кәсіпорындар бәсекелеседі. Шикізатты толық бізден сатып алады және оған дотация қажет. Бүкіл елдің экономикасы жұмыс орындарын құратын және салық төлейтін мықты зауыттарға тәуелді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінетін бюджет қаражатын мемлекеттік тапсырыстарға ашық түрде бөлу керек», – деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Темірлан Оралбаев. «Ақжолдықтар» партияның сайлауалды бағдарламасы, бизнесті қолдау жөніндегі жұмыс пен әлеуметтік саладағы бастамалар туралы айтып берді. «Ақ жол» партиясы бизнестің негізгі мәселелерімен таныс. Біздегі бағдарлама шынайы жағдайға негізделген. Біз нақты шараларды ұсынамыз: салықтық рақымшылық, шағын және орта бизнесті төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін салықтан босату, салалық мөлшерлемелерді төмендету, ҚР ҰБ базалық пайыздық мөлшерлемені 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен ЕДБ несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету», – деп атап өтті Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Әділжан Құдайбергенов. Үгіт-насихат тобының мүшелері «Казполиграф» ЖШС ұжымын сайлауға белсенді қатысуға және бизнес мүддесін білдіретін партия – «Ақ жол» үшін өз дауыстарын беруге шақырды.

Серіктес жаңалықтары