250
Эпидахуал мәз емес: Жаңа жыл мерекесінде карантин күшейтіледі
Эпидахуал мәз емес: Жаңа жыл мерекесінде карантин күшейтіледі
Бразилияда коронавирус індетінің таралуы күннен-күнге өршіп барады. Әсіресе, елдің Сан-Паулу штатындағы эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпей тұр.
Індетті ауыздықтау үшін ел үкіметі алдағы Рождество мен Жаңа жыл мерекесінде штаттағы карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. Желтоқсанның 25-і мен 27-сі аралығында және қаңтардың 1-і мен 3-інде аймақта азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен қоғамдық көліктен басқа нысандардың жұмысы тоқтатылады.
Сан-Паулу штатында пандемия басталғалы 1 млн 400 мың адам коронавирус жұқтырған, аймақта індет құрбандарының саны 45 мыңнан асып жығылды. Ал жалпы Бразилия аумағында 7,3 миллионнан астам індетке шалдыққан.