COVID-19: Ақтөбе облысында карантин жеңілдетілді

COVID-19: Ақтөбе облысында карантин жеңілдетілді

COVID-19: Ақтөбе облысында карантин жеңілдетілді
ашық дереккөзі
257
Ақтөбе облысында азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен гипермаркеттер енді ішкі тәртіп бойынша жұмыс істейді. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Қаулыға сәйкес азық-түлік дүкендері, шағын маркет, супермаркет, гипермаркет қызметі ішкі тәртіппен реттеледі. Бұған дейін 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істесе, енді тәулік бойы ашық тұрады. «Өнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысын, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметі ішкі тәртіпке сәйкес рұқсат етілсін. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмысшыларының ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтуін қамтамасыз етсін», - делінген жаңа құжатта. Сонымен бірге ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс болса мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері вахталық кенттерге кіре алады. Қыс мезгілінде таза ауада демалуға болады. Әлеуметтік арақашықтықты, бетперде тағу режимін сақтап, ашық ауадағы мұз айдындарында коньки теуіп, сырғанаққа баруға да рұқсат берілді.  

Серіктес жаңалықтары