295
«Nur Otan»-ның ықпалымен Байзақ ауданында жаңа емхана салынады
«Nur Otan»-ның ықпалымен Байзақ ауданында жаңа емхана салынады
Байзақ ауданында «Nur Otan» партиясынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты - бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екеніне тоқталып, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатындарын айтты.
– Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сайөңірде 38 дәрігер шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін оқытылады. Өңірде 4 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіледі. 2023 жылы Байзақ ауданында аудандық емхана салынады. Сондай-ақ, облыста медициналық қызметтерге қолжетімділікті артып, 685 бірлік медициналық жабдық сатып алынады. Оның ішінде, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесі үшін құрал-жабдықтар сатып алынатын болады. Саланы қолдауғада осынау басымдықтардың жалғасын табу үшін сіздерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз, - деді кандидат.
Кандидаттар«Nur Otan» партиясы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға, қан айналымы жүйесі ауруларын анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды арттыруға, суицид пен бала өлімінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге басымдық бермек. 2025 жылға қарай 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім кэффициенті 4,2-дан 4-ке төмендейді.
Дәрігерлер қауымы партияның сайлауалды бағдарламасына сай 2025 жылға қарай халыққа медициналық қызмет көрсету саласында көрсетілетін қызметтер сапасы жақсаратынын атап өтіп, оған ықпал еткен партияны қолдауға дайын екендіктерін айтты.