380
Алматы облысында еліміздегі алғашқы беби-бокс қойылды
Алматы облысында еліміздегі алғашқы беби-бокс қойылды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында елімізде алғаш рет ата-анасы бас тартқан тастанды балаларға арналған беби-бокстар орнатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аурухана директоры Жәмилә Әбеуованың айтуынша, беби-бокстардың жанында бақылау камералары болмайды, бәрі құпия болады. Балаға дереу қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
"Әйел босанғаннан кейін қиын жағдайда болса, баладан бас тартқысы келсе, оны тәрбиелеуге материалдық иә моральдық жағынан мүмкіндігі болмаса, беби-боксқа баланы қалдыра алалды. Әйелдің 3 ай ішінде ойланып, артынан қайтып оралуына мүмкіндігі бар", - деді Жәмилә Әбеуова.Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова Қазақстанда беби-бокстар орнатуды ұсынған болатын.