211
Apple өз электромобилін қашан шығаратыны белгілі болды
Apple өз электромобилін қашан шығаратыны белгілі болды
Apple компаниясы 2024 жылға қарай "серпінді" батарея технологиясымен жабдықталған жолаушылар көлігін шығаруға ниетті, деп хабарлайды Reuters.
Агенттіктің хабарлауынша, компания өз көлігін 2014 жылы Project Titan деп аталатын жоба аясында жасай бастаған. Содан бері компания айтарлықтай алға жылжыды және қазір өз клиенттері үшін көлік құрастыруға ниетті. Алайда Apple өз жоспарларын әлі ресми түрде жариялаған жоқ.
Компания стратегиясындағы ең басты мақсат - батареялардың жаңа түрін шығарып, олардың қазіргі бағасын айтарлықтай төмендету.
Айта кетейік, 1976 жылы негізі қаланған Apple дербес және планшеттік компьютерлер, аудио ойнатқыштар, телефондар, "ақылды" сағаттар және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісімен айналысады.