Балуан Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанды

/
Балуан Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанды
Спорт комитеті

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті. Грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов жарысты сенімді жеңістермен бастап, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Юсуф 4:3 есебімен жеңіске жетіп, U23 әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз Айбек Айтбеков грек-рим күресінен 60 келі салмақта алтын жүлде еншілеген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны жүлдеге таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей балуанын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиімен белдеседі.

Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары