Аустралия Қытайды жарықсыз қалдырды

Аустралия Қытайды жарықсыз қалдырды

Аустралия Қытайды жарықсыз қалдырды
ашық дереккөзі
268
Қытайдың кейбір қалалары жылу көмірінің жеткіліксіздігіне байланысты электр қуатын тұтынуға шектеулер қойды. Оның тапшылығы Аустралиямен сауда қақтығысы салдарынан пайда болды. Бұл мемлекет – ҚХР-дың ең ірі көмір жеткізушілерінің бірі, деп жазады Financial Times. Шын мәнінде, Аустралия провинциялардың бір бөлігін жарықсыз қалдырды, билік электр қуатын үнемдеу үшін жарықты өшіруден басқа жол таппай отыр. Қытай зауыттары мен станциялары аустралиялық көмірге тәуелді. Енді олар қиындықтарға тап болып, балама іздей бастады. Елдегі көмір қоры екі жылдық минимумға дейін төмендеді, ал оның бағасы 60 пайызға көтерілді. Желтоқсан айында Хунань провинциясының билігі мекемелерді электр қуатын тұтынуды азайтуға міндеттеді, сондай-ақ, түнде қалалардағы көше жарығын сөндірді. Ал Чанша провинциясында лифтілерді электрмен жабдықтауды тоқтату туралы шешім қабылданды. Қытай Аустралиямен кикілжіңді қазан айында, коронавирустың пайда болуы туралы халықаралық тергеуге шақырғаннан кейін бастады. Қараша айында Пекин Аустралиядан кем дегенде жеті тауар санатын сатып алуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Қытай аустралиялық шараптарға баж салығын көтерді. Ел билігі мұны ауыр соққы деп атап, Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) шағым түсірді.

Серіктес жаңалықтары