Коронавирус мутациясына байланысты 20 мемлекет әуе байланысын шектеді

Коронавирус мутациясына байланысты 20 мемлекет әуе байланысын шектеді

Коронавирус мутациясына байланысты 20 мемлекет әуе байланысын шектеді
ашық дереккөзі
238
Коронавирустың жаңа мутациясына байланысты 20-дан астам ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Бұл туралы Sky News хабарлады. Ұлыбританиядан кіруге шектеулерді негізінен Еуропа елдері енгізді. Атап айтқанда, Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Дания, Ирландия, Италия, Нидерланды, Финляндия, Франция және Чехия билігі патшалықпен әуе қатынасын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Ал Португалия Ұлыбританиядан тек өз азаматтарын кіргізуге дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде әлемнің басқа бөліктерінде де осындай шаралар қабылданды. Канада Ұлыбританиямен әуе қатынасын 72 сағатқа тоқтатты. Израиль Ұлыбританиядан өз азаматтарынан басқалардың барлығына кіруге тыйым салды. Ал Түркия тек Ұлыбританиямен ғана емес, Даниямен, Нидерландымен және Оңтүстік Африка Республикасымен әуе қатынасын тоқтатты, бұл елдерде де коронавирустың жаңа мутациясы анықталды. Колумбия, Сальвадор, Чили, Аргентина және Марокко да Ұлыбританиядан келген әуе рейстерін қабылдамайды. Ал Сауд Арабиясы өз шекараларын толығымен жауып, бір аптаға әуе қатынасын тоқтатты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың жаңа штаммына байланысты Ұлыбритания премьері Борис Джонсон шұғыл жиналыс шақырған болатын. Ол басқа елдердің патшалықпен әуе қатынасының жабылуына арналған отырысқа төрағалық етеді. Сондай-ақ, ЕО бұл мәселе бойынша шұғыл кездесу өткізбек.

Серіктес жаңалықтары