Түркістан облысында шетел азаматының 3,5 млн теңгесін алдап алған саудагер ұсталды

Түркістан облысында шетел азаматының 3,5 млн теңгесін алдап алған саудагер ұсталды

Түркістан облысында шетел азаматының 3,5 млн теңгесін алдап алған саудагер ұсталды
ашық дереккөзі
531
Түркістан облысының тұрғыны шетел азаматының 3,5 млн теңгесін иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне Тәжікстан Республикасының азаматынан шағым түскен. Ол осы жылдың жазында  20 тонна қауын сатып алмақ болып, ауданның бір тұрғынымен келіскен. Жәбірленуші Түлкібас ауданының тұрғынына шамамен 3,5 миллион теңге аударғаннан кейін, саудагер ұялы телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары