сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан

/
ашық дереккөзі
Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан Алматы облысы Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайы мен видеосын Бақытжан Рысбаев есімді азамат Facebook желісінде жариялаған. «Жетіген ауылында бірнеше азамат №220 маршруттың жүргізушісін ұрып тастады. Жүргізушіні соққыға жығып, қабырғасын сындырған, сондай-ақ, барлық ақшасын алып кеткен», — деп жазды Бақытжан Рысбаев. Автордың айтуынша, аталған фактіге қатысты полиция шарасыздық танытып отыр. Мұнымен қатар, оқиғаның небәрі 150 теңге үшін болғаны айтылған.
Бөлісу: