Сымбат Құлжағарованың сіңілісі әпкесінің «өлім алдындағы хатын» жариялады

Гүлбану Құлжағарова Instagram желісіндегі жеке парақшасында полиция қызметкерлерінің он бірінші қабаттан секіріп, көз жұмған әпкесі Сымбат Құлжағарованың өлім алдындағы жазбасы деп мәлімдеген хатын жариялады.

«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі Сымбаттың «өз өліміне ешкімді кінәламайтыны» туралы өлім алдындағы хат қалдырып кеткенін мәлімдеген болатын. Сол «жазбаны» өздеріңіз оқып көріңіздерші. Бұл жазбадан «өліміме ешкімді кінәламаймын» деген сөйлемді тауып беріңіздерші. Мұндай сөйлем таппайсыздар. Онда қиын кезең туындаған кезде оқып тұру үшін аффирмация сөздер жазылған. Оның үстіне, оқиға болардан бірнеше апта бұрын Сымбат Ақтауда туыстардың үйінде болғанда бұл жазба оның өзінде болған. «Өлім алдындағы хат» дейсіздер ме?», – деп жазды жазбаны жүктеген Гүлбану.

whatsapp image 2020 12 20 at 16.23.46

Back to top button