Жаңалықтар

Сымбат Құлжағарованың анасы: Күйеубалам екеуімізге үлкен қысым жасалып жатыр!

Нұр-Сұлтан қаласында 10 желтоқсанға қараған түні он бірінші қабаттан секіріп, көз жұмған 29 жастағы Сымбат Құлжағарованың анасы Базаркүл Құлжағарова Instagram желісіндегі жеке парақшасында қызының өліміне байланысты өзіне және күйеубаласы Абайға қысым көрсетуді тоқтатуын өтінді.

«Мен кейбір блогерлердің, инста-жұлдыздардың және тағы басқалардың бақылаусыз белсенділігі нәтижесінде болған жағдайға құзырлы органдар мен Үкіметтің назар аударуын сұраймын. Қызым қайтыс болғаннан кейін маған және күйеу балама заңды процестерге қайшы үлкен қысым жасалып жатыр, жағдай одан сайын ушығып барады, олардың әрі қарайғы әрекеті қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін!», – делінген хабарламада.

Back to top button