«Nur Otan» ауыл шаруашылығына ерекше назар аударады

«Nur Otan» ауыл шаруашылығына ерекше назар аударады

«Nur Otan» ауыл шаруашылығына ерекше назар аударады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Ақтөбе қалалық маслихат депутаттығына үміткер Амантай Үмбетай жеке кәсіпкермен өткен кездесу барысында айтты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаның ауыл шаруашылығы саласына тоқталды. – Ел үшін қашан да тыныштық керек. Кәсіпкерлер қашан да қолайлы жұмыс жасау үшін еліміз барлық жағдайды жасап қойған. Жарық, газ болмаған заман да болды. Кезінде адамдар ол күнді де көрді. Қазір барлығының жағдайы жақсы. Алда партия сайлауы келе жатыр. Осы орайда кәсіпкерлерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. «Nur Otan» партиясының қалалық бағдарламасы жеті басымдылықтан тұрады. Оның ішінде барлық саланы қамтыған: үй алу, кәсіп бастау, жұмысқа орналасыу. Тіпті қаланың экологиясына, экономикасына, қаланың дамуына аса мән беретін болады. Соның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтауға және үздіксіз жұмыс істеуге мән береді. Экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласында кемінде 9 жобаны іске асырады. 2021 жылы 500 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының ашылуы болады. Бұдан басқа да көптеген шаруашылық саласына қатысты жағымды жаңалықтардың болатын рас, – деді ол. Ал кәсіпкер Тазагүл Аманова қандай жағдай болса да «Nur Otan» партиясын қолдап, өзге де кәсіпкерлерді партияға дауыс беруге шақыратынын жеткізді. – Мемлекет тарапынан сұраған дүниемізді алып жүрміз. Тыныш заманда өмір сүргенімізге шүкіршілік етеміз. Тұтынушыларым да жеткілікті. Қазір көбі жеке кәсіппен айналысады. Еңбек еткен адамның қашан да жолы болады. Өмір бойы медицина саласында жұмыс жасаған жанмын. Соңғы бір жарым жыл уақыт ішінде кәсібімді осындай деңгейге дейін көтердім. Әлі де дамытамын. «Nur Otan» партиясы халық үшін қашан да жақсы дүниелер жасағанын қалаймын, – дейді сүт кәсібін айналдырып отырған Тазагүл Аманова.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық Сайлау қорынан төленді