247
"Көтеуді ангинадан айыра алмайды": Президентке дәрігердің үстінен шағымданған азамат кешірім сұрады
"Көтеуді ангинадан айыра алмайды": Президентке дәрігердің үстінен шағымданған азамат кешірім сұрады
Ресей президенті Владимир Путинге жергілікті дәрігердің үстінен шағымданған Мурманск облысы Алакуртти ауылының тұрғыны Юрий Краснянский «Первый канал» эфирінде медицина қызметкерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды ТАСС.
"Сізден кешірім сұраймын, мені кешіруіңізді сұраймын, менің әрекетім дұрыс болмады ", — деді Краснянский.
В.Путин 17 желтоқсанда жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында Краснянскийдің шағымы жайлы айтты. Шағымданушының айтуынша, ауылда жалғыз фельдшер жұмыс істейді, оның жасы 86-да. «Жасы жеткен медицина қызметкері көтеуді ангинадан айыра алмайды» деді Краснянский.
ТАСС дерегінше, жедел тексеру дәрігердің 86-да емес, 66 жаста екенін анықтады. Бұдан бөлек, Мурманск облысының губернаторы Андрей Чибис ауылда екі педиатр, тіс дәрігері және зертханашы, сондай-ақ екі жедел жәрдем көлігі бар екенін айтты. Өңір басшысы тұрғындарды дәрігерлердің жұмысына құрметпен қарауға және олардың кәсібилігін төмендетпеуге шақырды.