ҚХП өкілдері «Целингормаш» зауытының ұжымымен кездесті

ҚХП өкілдері «Целингормаш» зауытының ұжымымен кездесті

ҚХП өкілдері «Целингормаш» зауытының ұжымымен кездесті
ашық дереккөзі
263
ҚХП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Сыздықов Степногорск қаласы Заводской кентінде орналасқан «Целингормаш» зауытының ұжымымен кездесті.
Кездесуде Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары түсіндірілді. Еңбеккерлердің құқықтарын қорғап, сақтауға, еңбекті қорғау және еңбек жағдайларының жаңа стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылуда. Бұл дегеніміз – қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі тәуекелдерді азайту, адамның денсаулығын сақтау. Мұның бәрі технологиялық процестерді жетілдіру, техникалық жарақтандыру, біліктілік деңгейін арттыру есебінен іске асырылады. Сайлаушылармен болған диалогта әлеуметке бағдарланған мемлекет құру бағытындағы ҚХП бастамалары айтылды. Онда қарапайым қазақстандықтардың мүддесін қорғауға ерекше назар аударылған. ҚХП ұсынған бастамалардың қатарында медицинаның қолжетімділігі мен сапалылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу, зейнет жасын төмендету бар. Депутаттыққа кандидат О.Сыздықов өндірістік процесті бақылап, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін, кәсіпорынның техникалық жабдықталуын бағалады. Ұжыммен бейресми жағдайда кездесіп, дидарласты. – Бұл бір ерекше күн болды. Адамдармен бейресми форматта сөйлесіп, пікірлерін тыңдап, проблемаларын білдім. Сұрақтар да қойылды. Барынша егжей-тегжейлі жауап беруге тырыстым. Өзім де көп сұрақ жолдадым. Еңбекшілердің қалай жұмыс істейтінін көрдім. Естелік суретке де түстік. Негізі мұндай бейресми кездесулердің пайдасы мол. Барлық дүниені тікелей білуге болады, – деді Олжас Сыздықов. Еске сала кетейік, бұл шара ҚХП-ның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында өткізілді.  

Серіктес жаңалықтары