Құс тұмауының екі жаңа ошағы анықталды

Құс тұмауының екі жаңа ошағы анықталды

Құс тұмауының екі жаңа ошағы анықталды
ашық дереккөзі
300
Жапонияда құс тұмауының екі жаңа ошағы табылды. Олар – Коти мен Кагава префектуралары, деп хабарлады Киодо агенттігі. Осылайша, бұл індет Жапонияның 47 префектурасының 11-іне таралып отыр. Коти префектурасында 32 мың тауық, Кагавада – 29 мың бройлердің көзі жойылды. Ауру ошақтары табылған фермалардың айналасындағы 3 шақырымдық аймақ шегінде тауықтар мен жұмыртқаларды тасуға карантин енгізілді, тауықтар мен жұмыртқаларды 10 шақырымдық аймақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды. Бұған дейін құс тұмауы Жапонияның Кагава, Фукуока, Хего, Миязаки, Хиросима, Нара, Оита, Вакаяма, Вакаяма, Сига префектураларында табылған еді. Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі қарашаның басынан, аурудың алғашқы жағдайлары анықталған уақыттан бастап желтоқсанның басына дейін елде рекордтық көрсеткіш - 2 миллион құс жойылғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары