"Солтүстік Қазақстан жері – Ресейдің сыйлығы": депутат пікірін ресейліктердің үштен бірі қолдады

"Солтүстік Қазақстан жері – Ресейдің сыйлығы": депутат пікірін ресейліктердің үштен бірі қолдады

"Солтүстік Қазақстан жері – Ресейдің сыйлығы": депутат пікірін ресейліктердің үштен бірі қолдады
ашық дереккөзі
471
Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Қазақстан аумағы Ресей тарапынан үлкен сыйлық екенін айтып, шу көтерген болатын. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде талқыланып, ресейліктер сауалнамаға қатысқан. Сауалнама қорытындысы ресейліктердің үштен бірі депутат пікірімен келісетінін көрсетті. Мысалы, респонденттердің 36%-ы Қазақстанның ғана емес, көптеген ТМД елдерінің аумағын да "сыйлық" деп санайды екен. Тағы 25%-ы бұл тұжырымның "саяси тұрғыдан дұрыс емес" екенін атап өтті, бірақ депутаттың сөзіне қосылады. Тек 5%-ы Никоновтың пікірін "қате, дұрыс емес мәлімдеме" деген. Ал қалғандары бұған қатысты ештеңе дей алмайтындарын айтқан.

Серіктес жаңалықтары