Мерекеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда автобустар жүре ме?

Мерекеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда автобустар жүре ме?

Мерекеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда автобустар жүре ме?
ашық дереккөзі
Мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz. Мереке күндері, дәлірек айтсақ, 16 мен 19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанның қоғамдық көліктері әдеттегідей жұмыс істейтін болады. Айта кету керек, мерекеге орай жұма, 18 желтоқсан  жұмыс күні 20 желтоқсанға ауыстырылды. Сондықтан жексенбіде автобустар жұмыс кестесімен сағат 06: 00-ден 23: 00-ге дейін бұрынғы режим бойынша жұмысын жалғастырады, –  делінген хабарламада. Қоғамдық көліктерде  бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы –  банктік аударым, көлік картасы, SMS, QR код арқылы төленеді. Сондай-ақ Алматы әкімдігі де жұмыс өзгеріссіз жалғасатынын атап өтті.