309
Павлодар облысында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 100 пайызға орындалды
Павлодар облысында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 100 пайызға орындалды
Биыл Павлодар облысында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 100 пайызға орындалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 1 желтоқсандағы дерегінше, өңірге 1365 адам қоныстанған. Атап айтқанда, Алматыдан 531 адам, Түркістан – 492, Жамбыл – 135, Қызылорда – 67, Маңғыстау – 18, және Нұр-Сұлтан – 124, Алматы – 34 және Шымкенттен 145 адам көшіп келген.
2019 жылы Павлодар облысына 2925 адам, яғни 590 отбасы қоныс аударып, 550 қандасымыз келген.