Маңғышлақ - Ақтөбе пойызында вагон өртенді

Маңғышлақ - Ақтөбе пойызында вагон өртенді

Маңғышлақ - Ақтөбе пойызында вагон өртенді
ашық дереккөзі
Маңғышлақ-Ақтөбе пойызында жүк вагоны өртеніп, 5 адам зардап шекті. Пойыздағы өрт туралы Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 14 желтоқсанда болған. Өрт туралы хабарлама 04:30-да келген.
"Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданы аумағында орналасқан № 464 разъезд ауданында № 109 Маңғышлақ - Ақтөбе жолаушылар пойызының жүру жолында жүк вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті", - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Сағат 07:19-да өрт сөндірілді, жүк вагоны толығымен жанып кеткен.