356
«Adal» саяси партиясы бесінші нөмірге ие болды
«Adal» саяси партиясы бесінші нөмірге ие болды
Adal партиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау бюллетеніндегі тізімде бесінші нөмірге ие болды.
2020 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Іс-шара барысында партиялардың алдағы сайлауға дайындығы туралы ақпарат жарияланды. Осылайша ОСК мәліметі бойынша партиялық тізімге 312 кандидат енгізілді, оның ішінде 90 әйел және 222 ер адам бар. Сонымен бірге, Adal партиясы үміткерлердің орташа жасы бойынша ең төменгі жасқа ие болды – 41,6 жас, ал барлық үміткерлердің жалпы орташа жасы 46,7 жасты құрады. Жеребе рәсімі кезінде Adal партиясының өкілі бесінші сериялық нөмірі бар конвертті шығарды. Осылайша Adal партиясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдегі тізім бойынша бесінші нөмірге ие болды. Естеріңізге сала кетейік, Adal партиясының сайлауалды бағдарламасы 5 негізгі бағыттан тұрады:• Барлық азаматтар үшін лайықты өмір;
• Кәсіпкерлік – табысты мемлекеттің негізі;
• Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі;
• Мықты аймақтар – қуатты ел;
• Адамдарға арналған мемлекет.