Толғақ басталғанша жүкті екенін білмеген әйел жұрттың таңданысын тудырды

Толғақ басталғанша жүкті екенін білмеген әйел жұрттың таңданысын тудырды

Толғақ басталғанша жүкті екенін білмеген әйел жұрттың таңданысын тудырды
ашық дереккөзі
902
Ұлыбританияның Үлкен Манчестер округінің Стокпорт қаласының тұрғыны жүкті екенін босанатын кезінде бір-ақ білген. Бұл туралы Metro басылымы хабарлады.  24 жастағы Рэй Мартин (Rhea Martin) жүктілік белгілерін байқамағанын айтады. Құрсақтағы бала арқаға жақын орналасқандықтан, әйелдің іші үлкеймеген. Ал салмағының өсіп бара жатқанын ол карантин кезінде қимылдың аздығымен байланыстырса, толғақтың басталуын етеккір кезіндегі ауырсынулар деп түсінген. Рэй Мартинге дәрігерлер ауырсынуды басатын дәрі жазып берген. Алайда іштің және арқаның ауыруы күшейе түскен. Сондықтан екі күннен кейін ол қайтадан ауруханаға баруға мәжбүр болады. Сонда ғана дәрігерлер ауырсынудың себебі етеккір емес екенін түсінген. Әйел жүкті екенін және босануға жақын екенін білгенде есінен тана жаздаған. Әйел өзінің ата-анасына немесе баланың әкесіне қоңырау шалып үлгермепті. Көп ұзамай салмағы 2920 грамм сәби дүниеге келген. Әйел ұлына Люк деген есім берді.

Серіктес жаңалықтары