271
Pfizer вакцинасын сынауға қатысқан алты адам қайтыс болды
Pfizer вакцинасын сынауға қатысқан алты адам қайтыс болды
Pfizer вакцинасын тексеруге тіркелген 43 448 еріктінің алтауы қайтыс болды (0,01%). Бұл туралы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының есебінде айтылды.
Олардың екеуіне нағыз вакцина, төртеуіне плацебо салынған.
Олар 2020 жылғы 29 сәуір мен 14 қараша аралығында қайтыс болған.
Вакцина алған екі адам 55 жастан асқан. Олардың біреуі екінші вакцинациядан 62 күн өткен соң, екіншісі алғашқы инъекциядан үш күн өткен соң атеросклероздан қайтыс болды.
Плацебо қабылдаушылары миокард инфарктісінен, геморрагиялық инсульттан немесе белгісіз себептерден қайтыс болды.
FDA бұған дейін Pfizer және BioNTech вакциналарының тиімділігін растаған болатын. Құжаттарда вакцина қауіпсіздіктің тиісті деңгейін көрсетті және оны шұғыл пайдалануға ешқандай кедергі жоқ деп айтылды.